Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Қажырлы еңбек иелері

22.02.2024
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Қажырлы еңбек иелері
92
БӨЛІСТІ
255
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 

Биыл құрылғанына 70 жыл толатын Жезқазған қаласының тіршілік өзегі болып табылатын Жезқазған мыс қорыту зауытындағы күкірт қышқылы цехында бірнеше қосалқы телімдердің жұмысы қатарға қойылған. Аталған цех технологиялық газды күкірт қышқылына айналдырумен шұғылданады. Мұндағы энергия қызметі бөлімі технологиялық коммуникацияларды жөндеумен және  зауыттың барлық құрылымдарының су, бу, қысым, мазутпен қамтылуына  жауапты.

Ақпанның ақырған аязында өндірістің үздіксіз жүруіне тікелей жауапты бұл бөлімде күндіз-түні қайнаған тіршілікке куә боласыз.  Турбогенераторлардың қатып қалмай, үздіксіз қозғалыста болуын мұндағы жігіттер қалт жібермей бақылап отырады.

Ұжымға арнайы барғанымызда күкірт қышқылы цехының басшысы Нұржан Данаев  күтіп алып, энергия қызметі телімінің бірлігі жарасқан жігіттерінің мақтауын асырды.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

– Қытымыр қыстың қаһары күшейіп тұр. Осыған қарамастан зауыттағы технологиялық үдерісті тұралатпай, сапалы өнім өндіруге тікелей атсалысып отырған  бұл телімнің жігіттері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Жауапкершілігі мол жұмыста Сәрсенбек Жанділдаевтің бригадасы алда келеді, – дейді цех басшысы.

Энергия қызметі теліміне арнайы барып, жігіттермен жолықтық. Телім шебері Ерболат Жұмаділовті әңгімеге тартқанымызда:

–  Біздің бригада слесарь-жөндеушілерден, дәнекерлеушілерден құралған. Сәрсенбек Жанділдаевтің жетекшілігіндегі жігіттердің еңбегі ерен. Қақаған қыста өндірісті тұралатпай келеді.  Ұжымымыз отыз екі жылдық еңбек өтілі бар Сергей Сиротенко,  ширек ғасырдан аса өндіріспен біте қайнасып жүрген Сәрсенбек Жанділдаев, Валерий Дмитренко сынды майталмандармен мақтанады. Аға буынның ізін жалғап, ісін өнеге тұтып жүрген жастарымыз –  Нұрбол Ерубаев, Ерлан Молдабергенов, Нұрдос Темірбек, Нұрдәулет Орманбек, Самат Жаркен өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды, – дейді Ерболат Тілеубайұлы.

Қақаған қыста өңменіңнен өтер ызғарға қарамай, табандылықпен жұмыс атқарып жүрген бұл құрылымның жігіттерін қажырлы еңбек иелері деп айтуға толық негіз бар.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Суретте: энергия қызметі бөліміндегі Сәрсенбек Жанділдаевтің бригадасы. (солдан оңға қарай) Ерлан МОЛДАБЕРГЕНОВ, Нұрдос ТЕМІРБЕК, Сәрсенбек ЖАНДІЛДАЕВ,  Ерболат ЖҰМАДІЛОВ, Нұрбол ЕРУБАЕВ, Валерий ДМИТРЕНКО.

 

Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру