Адам қоғамға қосқан үлесінің тиісті деңгейде бағаланып жатқанын көргенде ерекше бір сезімге бөленетіні хақ. Өндірістің қазанында қайнап, ошағын маздатуда ерлермен қатар білек сыбана еңбек етіп жүрген нәзік жандарға деген құрмет бүгінде арта түспесе, кеміген жоқ.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» Өб-не қарасты құю-механикалық зауытында өндірістік үдерістің үздіксіз жүруіне атсалысып жүрген қыз-келіншектердің қатарында зертханашылардың алар орны ала бөтен.
Аталмыш құрылымда 19 жыл еңбек етіп, таяуда зейнеткерлікке шыққалы отырған Сәуле Искакова – ұжымның құрметіне кенелген майталман зертханашы.
Ажарлы алпыстан асып, бейнетінің зейнетін көрер шаққа жеткен Сәуле Зейнұрқызы ұжымда әріптестеріне ақылшы, жол көрсетуші болса, отбасында бақытты жар, аяулы ана, асыл әже.
Суретте: (солдан оңға қарай) зертхана басшысының міндетін атқарушы Жансая Тасыбаева, зертханашылар Лаура Қуандықова, мерейлі шақ иесі Сәуле Искакова, Гүлбану Күштібаева мен Бәтима Ибраева.