Сәрсенбі, 18 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жезқазғанның еңселі ескерткіштері

Қала тарихының беттерінен

16.02.2024
- Жаңалықтар
0
Жезқазғанның еңселі ескерткіштері
382
БӨЛІСТІ
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Алғашқы Құрылысшылар» ескерткіші

Ол Алғашқы құрысшылар алаңына қойылған. Ескерткішобелиск еліміз түсті металлургиясының орталығы Үлкен Жезқазғанды тұрғызған өңір құрылысшыларына арналған. 1974 жылы қазанда Кеңес Одағында теңдесі жоқ куаты 200 мың тонна металл беретін жаңа мыс қорыту зауыты қара мыс бере бастады. Кеніштердің қуаты жыл сайын 25 млн. тонна кен өндіру мүмкіндігіне жетті. Кеңгір жасанды көлінің жағасында тұрмысқа қажеттің бәрі бар әдемі металлургтер, балқытушылар, құрылысшылар қаласы бой көтерді. Сөйтіп, Арқа даласында Үлкен Жезқазғанның құрылысы аяқталды.

Алғашқы құрылысшылар ескерткіші орнатылған алаң – тұрғындардың сүйікті демалыс орыны. Фестивальдер, концерттер, салтанаттар, жәрмеңкелер осында өтеді.

Ескерткішті тұрғызуға мыс және бетон пайдаланылған.

Авторлары: суретші Л. Пак, Н. Андреев, сәулетші К. Тұрлыбаев.

 

«Ғарышты бағындырушылар» ескерткіші

Кеңгір су қоймасының оң жақ жағалауында, Алғашқы құрылысшылар алаңынан су қоймасына барар жолда 1977 жылы орнатылған. Онда ғарышқа бет алып, тік көтеріліп бара жатқан алып зымыранның және әлемді шарлауға сапар шеккен ұшақ бейнеленген.

Авторлары: суретші Л. Пак, сәулетшілер М. Сүлейменов, А. Комиссаров.

 

«Ғарыш» сәулеттік-көркемдік композициясы

1976 жылы ашылды. Кеңес ғарышкерлері құрметіне қазіргі Сәкен Сейфуллин бақжолының бойына, «Аманат» партиясы қалалық бөлімшесі өкілдігі ғимаратының алдында орнатылған. Ескерткіш айналасына ғарышкерлер портреттерінің галереясы адамзаттың ғарышқа ұмытылуын бейнелейтін биік стелламен жарасымды үндестік тауып тұр.

Жезқазған-Ұлытау өңіріне бірнеше ондаған кеңес ғарышкері қонған. Олардың ішінде қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те бар. Жалпы, 56 ғарышкерге «Жезқазған қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Стелланың материалы титан және металл ұстындар.

Авторлары: суретші Л. Пак, сәулетшісі К. Тұрлыбаев.

 

Бөлісу153Твитерге96

Көп қаралған

  • Ұлытау облысында көпбалалы аналарды қолдауға 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді

    Ұлытау облысында көпбалалы аналарды қолдауға 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді

    72 бөлісті
    Бөлісу 29 Твитерге 18
  • Еңбегімен еңселі

    113 бөлісті
    Бөлісу 45 Твитерге 28
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1734 бөлісті
    Бөлісу 694 Твитерге 434
  • Акцияға атсалысты

    82 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • Бағаналының Сағындық батыры

    951 бөлісті
    Бөлісу 380 Твитерге 238
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру