Сәтбаев қаласындағы «Арена – 2005» спорттық-сауықтыру кешенінде «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірігіп «Қарлы қыс – 2024» қыс қызықтары жарысын өткізді. Дәстүрге айналған спорттық шараға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазған аймағындағы өндірістік құрылымдарының еңбеккерлері қатысты.
Жарыста қатысушылар шаңғы, коньки тебу, эстафеталық ойындар, шахмат, самаурын қайнату сынды кезеңдерде бақ сынады. Ауа-райының құбылмалылығына қарамастан қатысушылар барлық ойын түрінен белсенділік танытты. Жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Коньки тебуден ерлер арасында жылу, энергетика кәсіпорнынан Әлихан Байлиев І орынды, энергетика басқармасынан Қасым Жақыпбеков ІІ орынды жеңіп алса, аталмыш басқармадан Атамирас Аппаз ІІІ орынға табан тіреді. Әйелдер арасындағы бәсекеде «Жомарт» кенішінен І орын Есения Дубоваға бұйырса, Оңтүстік Жезқазған кенішінен Жазира Хожаназар ІІ орынды еншіледі. Шығыс Жезқазған кенішінен ІІІ орын Салтанат Бейсеноваға бұйырды.
Шаңғы тебуден ерлер арасында Жезқазған мыс қорыту зауытынан І орын Нұрболат Қалахметовке тиесіле деп танылса, Қарсақбай металлургиялық зауытынан Бейбарыс Асан ІІ орынды еншіледі. Энергетика басқармасынан Сержан Кәрімов ІІІ орынды қанағат тұтты. Әйелдер арасынан «Транко Жез» ЖШС-нен Валентина Майстеренко І орынға табан тіресе, жылу, энергетика кәсіпорнынан Гүлнұр Дүйсембекова ІІ орынмен марапатталды. ІІІ орын Жезқазған байыту фабрикасынан Үміт Мизамбаеваға тиесілі болды.
Көңілді эстафетада Оңтүстік Жезқазған кеніші І орынды, энергетика басқармасы ІІ орынды, «Қазақмыс Мэйнтенанас Сервисиз» ЖШС ІІІ орынды жеңіп алды. Самаурын қайнатудан І орын Жандос Жағыпаровқа, ІІ орын Бағдат Демекбаевқа, ІІІ орын Серік Сапаровқа бұйырды. Шахматтан Таңат Дүйсен І орынды жеңіп алса, Мейрамбек Көбенов ІІ орынмен марапатталды. ІІІ орынға Жандос Кіртай ие болды.
Жалпы есеп бойынша командалар арасында І орынды энергетика басқармасы жеңіп алды. ІІ орынға Жезқазған байыту фабрикасы ие болса, ІІІ орын Оңтүстік Жезқазған кенішіне бұйырды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.