Мысты шаһардағы Кеңгір көлінің мұз айдынында теміржолшылардың бәсекесі өтті. «Транко Жез» ЖШС-дегі «КәсіпҚорған» кәсіподағының комитеті ұйытқы болған «Қысқы алтын балық – 2024» атты жарыс «Транко Жез» және «НацСтройПроек» ЖШС ұжымдарының арасында ұйымдастырылды.
Жарысқа жиырма екі үміткер ниет білдірді. Жарыстың барысында, барлық қатысушылар мен жарысты қызықтауға арнайы келген қонақтарға самаурыннан ыстық шай мен ыстық тамақ үлестірілді. Жарыстың қорытындысы бойынша «Ең жылдам бұрғылаушы» номинациясын тепловоз машинисі Анатолий Кондрат, «Ең үлкен балық» номинациясын тепловоз машинисі Илнар Сабиров және «Ең кішкентай балық» номинациясын жол жөндеуші Ерден Айтлеуов ұтып алды. Ал, өлшеу нәтижесі бойынша екі келі балық ұстаған электровоз машинисінің көмекшісі Александр Федотов ІІІ орынды иеленсе, үш келі балық ұстаған тепловоз машинисі Михаил Чубаров ІІ орынды еншіледі. Төрт келі балық ұстаған телім басшысы Сергей Харченко орынды жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар өзге қатысушылар да ынталандыру сыйлығына ие болды. Жарысқа келген қос компания еңбеккерлері табиғат аясында кең тыныстап, көтеріңкі көңілмен тарқасты.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.