Ұлытау облысына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығымен және бас мамандарымен техникалық кеңес өткізілді. Кеңесте Ұлытау облысы бойынша орналасқан жерасты кеніштерінің тау-кен қазбаларының геомеханикалық жай-күйі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы бойынша жер асты бос кеңістіктерін бақылауда ұстау бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Кеңесті қорытындылай келе, Төтенше жағдайлар вице-министрі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығына және Ұлытау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылығына өнеркәсіптік қауіпсіздік және нормативтік құқықтық актілер саласындағы талаптарды сақтауды тапсырды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.