Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Аймақ мәселесі

«Қылқалам ұшындағы құдірет»

26.11.2021
- Руханият
0
«Қылқалам  ұшындағы құдірет»
120
БӨЛІСТІ
333
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Антиядролық қозғалыстың белсендісі, Нобель сыйлығының бейбітшілік саласындағы номинанты, суретші Кәріпбек Күйіков туындыларының Жезқазғанда ашылған көрмесінің тақырыбы осылайша аталады. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен өткен бұл шырайлы шара Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналды.

Адамзат баласына алапат зардабын тигізген Семей полигоны – Кеңес одағының аса ірі стратегиялық нысаны болғаны белгілі. Мұнда 40 жыл ішінде 450-ден астам ядролық жарылыс жасалды. Әуеде және жерде сыналған ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының күшінен 2,5 мың есе көп болатын. Соның салдарынан қазақ даласының 300 мың шақырым жері ядролық жарылыстан уланып, 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті. Сырқатқа шалдығып айыға алмаған адамдар, немесе кемтар болып туып жастай шетінеп кеткендер аз болмаған. Бүгінде әлем таныған Кәріпбек Күйіков соның тірі куәсі. Ол Семей полигоны орналасқан жерден 100 шақырымдай жердегі Егіндібұлақ ауылында 1968 жылы дүниеге келген. Екі қолы жоқ болып туғанымен ата-анасының аялы қамқорлығының арқасында қиындықтарға мойымай, тағдырдың тауқыметіне төзімді болып өсті. Әкесі Кәріпбекті Ленинградтағы мектеп-интернатқа оқуға жібереді. Ол сонда оқи жүріп өзінің табиғи талантын таныта білді. Ақырындап аяғының бақайларымен қысып қарындаш ұстауды үйренді. Алғашқыда табиғат көріністерін, түрлі бейнелер сала бастады. Кейін қылқаламды тісімен тістеп күрделі суреттер салуға бейімделді.
– Мен туған жерден онша қашық болмаған жарылыс сынақтарын ата-анам өз көздерімен көрген. Тағылымды тәрбие берумен қатар маған барынша зор мүмкіндіктер сыйлаған олардың еңбегі ұшан-теңіз десем болады. Полигоннан зардап шеккен көптеген отбасын білемін. Балалары ауру болып туып, шетінеп кеткендері қаншама. Осы жағдай мені ақын Олжас Сүлейменов басқарған Семей-Невада антиядролық қозғалысын құрушылар қатарына әкелді. Сол уақытта үйлерді, мектептерді аралап жүріп қол жинадық. Халық жаппай қолдаған ісіміз нәтижелі болып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстанның бейбітшілік сүйгіштік бұл ізгі бастамасын әлем елдері де жаппай қуаттады, – дейді АТОМ жобасының Құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков.
Көрменің ашылу салтанатында суретші қорындағы материалдардан музей қызметкерлері арнайы дайындаған бейнесюжет көрсетілді. Негізінде, Кәріпбектің құдіретті қылқаламынан туған туындылары біздің елімізде ғана емес, Жапония, АҚШ, Германия, Түркия, Дубай, Голландия және басқа да шетелдердің көрмесіне қойылып, кеңінен танылған. Суретшінің «Жарылыс» деген туындысын Елбасы 2016 жылы АҚШ-тың президенті Барак Обамаға табыстаған еді. Оның шығармашылығының өзегі тек ядролық жарылыстар төңірегінде ғана емес, түрлі тақырыптарды қамтиды. Туған ауылы, өзі аралаған әлем елдері, экология әсері көрініс тапқан. Философиялық ой түйіндерінен туған туындылар да бар. Көрменің ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Қайрат Әбсаттаров:
– Тағдырдың тәлкегіне мойымай, сурет салуға ұмтылған рухы биік, қайсар тұлға Кәріпбек Күйіковті көпшілікке үлгі еткім келеді. Суреттерінен өмірге деген құштарлық сезімі айқын аңғарылады. Туындыларыңыз философиялық ойға толы, – деп бағалай келіп суретшіге Алғыс хатын тапсырды.
«Қазақмыс» Ардагерлер кеңесі және «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров суретші көрмесіне сәттілік тіледі. Қоғамдық бірлестік шығарған естелік кітаптарын ұсынып, кеудесіне Кетбұқа медалін тағып құрметін білдірді. Сондай-ақ, өлкетанушы Бағдат Байжантаев, тарихи-археологиялық музейдің директоры Раушан Қапарова көрменің ашылуымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Көрмені 23 желтоқсанға дейін бір ай бойы тамашалауға болады.
Халықаралық АТОМ жобасының елшісі және Нобель сыйлығының номинанты, суретші Кәріпбек Күйіковпен кездесу бұдан кейін болған баспасөз конференциясымен түйінделді. Өз өмірі мен ұстанған бағытынан сыр өрбіткен суретші алғаш рет келіп отырған Жезқазған жұртшылығына, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Амандық РАХҰЛЫ.

Таңбалар: Руханият
Бөлісу48Твитерге30
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру