Облыс орталығында жаңа ботаникалық бақ ашылады. Бұл жөнінде аймақ басшысының қала сыртына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Б. Әбдіғали біраз жылдан бері күрделі жаңарту жұмыстары жасалмаған қала сыртындағы ескі ботаникалық баққа атбасын тіреген еді. Мұнда бүгінде 12 адам жұмыс істейді. Алайда, атқарылып жатқан істерге облыс әкімінің көңілі толмады. Сол себепті, аталған ботаника бағы басқа орынға көшіріліп, толықтай жаңартылатын болады.
Жаңа жоба ең алдымен Жезқазған қаласын көгалдандыру мақсатында қолға алынбақ.Ол үшін Кеңгір су қоймасының жағасынан 20 га жер бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар қаладағы экологиялық ахуалға да оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.