Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Жаңа жыл «сыйы»немесе мен қалай қысқардым

29.12.2023
- Руханият
0
Жаңа жыл «сыйы»немесе мен қалай қысқардым
91
БӨЛІСТІ
254
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Түлен түртейін десе қиын ба? Қаймақтай қатып, қызығына батып отырған қызметімнен қысқарып, «құйрық-жалым» күзеліп шыға келемін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірді ме екен. Бар пәле Жаңа жыл мерекесіне арналған газеттен, газеттен емес-ау, сол күнгі нөмірдегі мақалалардан болды.

Бәрін басынан бастайын. Кешегі Кеңес үкіметі кезінде анекдот айтпақ түгілі оны естудің өзі «кешірілмес күнә» болды ғой. Сол кездерде анекдот деген антұрғанға «бәйге» де жарияланып еді. Яғни, бірінші бәйге: саяси маңызы зор, астарлы анекдот – 25 жыл, екінші бәйге: аралас тақырыптағы анекдот – 10 жыл, үшінші бәйге: сортаң сөзді сорақы анекдот – 5 жыл.

Алайда, заман өзгергеннен кейін ол да өзгерді. Бүгінде анекдот дегеніңіз көшені қойып, сахнадан да самбырлап айтылатын болды. Келе-келе газет бетінен де ойып тұрып орын алды. Ол аздай-ақ «сорлы» газеттің сорын қайнатып эротика деген есер әңгіме де еншілес болып шықты. Міне, сол Жаңа жылға арналған нөмірде оқырмандарды қызықтырамыз деп берген осындай эротикалық әңгіме де бар еді. Қырсыққанда дәл сол айқарма бетте қаламыздағы танымал ғалымдардың бірінің институтта өткен ғылыми-практикалық конференцияда жасаған баяндамасы қоса жарияланбасы бар ма. Бар пәле осылардан басталды. Оның үстіне біздің материалдық-техникалық базамыздың өзі айтуға ауыз бармайды. Мына гаджеттер заманында біздің редакцияға кірсеңіз, тас ғасырына тап болғандай сезінер едіңіз. Өйткені, біздегі компьютерлердің бәрі Энштейінді көздері көрген «көнелер».

Осындай жағдайда газет шығару үшін кешегі «ақтабан шұбырынды – алқакөл сұламадан» кем күй кешпейсіз. Интернет деген бізде әлі жөнді жұмыс істемейді. Материалдардың бәрін табанымыздан тозып плешкемен тасып жүргеніміз. Сол «дәстүрмен» терушілермен әупілдесіп, бет жасаушылармен бет жыртысып, бажылдасып нөмірге қол қойып таң ата талмаусырап үйге келіп құлағанмын. Сорақысы соңынан шықты.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Қол қойған беттерді баспаханаға жөнелткелі жатқанда компьютерде сбой болып нөмір із-түзсіз жоғалып кетеді. Бет жасаушы  «жоскийдің» бұрыш-бұрышын ақтарып отырып әупірімдеп тауып, оны өзінше жинақтаған болады да баспаханаға жөнелтеді ғой. Жөнелткені бар болсын, аяғы басымызға бәле болып жолықты. Ертесіне өзім қол қойған газетті оқып отырып есім ауып, жүрегім тоқтап, о дүниеге жүріп кетуге шақ қалдым. Сондағы айқарма беттің сыйқы мынадай болып шығыпты. Жүректеріңіз мықты болса оқып көріңіздер.

«Бүгінде ғылым мен техниканың дамығандығы соншалық, тіпті, олар араласпайтын шаруашылық саласы кемде-кем. Тіпті, күнделікті үй-іші тұрмысынан да кеңінен орын алды. Ас үйлердегі тұрмыстық техникаларды былай қойғанда жатын бөлмедегі жарық сөндіріліп, бұрыштағы шағын шырағданды шырт еткізіп жағып еді бөлменің ішіне көгілдір сәуле құйылып, көңілге жайлы жеңіл музыка ырғағы да жайылып жүре берді. Әлгінде ішкен жеңіл шараптың буы қанын қыздырған Жан қасына толған айдай толықсып отырған Кетринді иығынан құшақтап, өзіне қарай икемдеп еді, осы бір сәтті аңсай күтіп отырған ол да еш қарсылықсыз жігіт құшағына құлай берді…

Бұл, әрине, қазіргі жаңа заманның бір ғана көрінісі. Уақыт алға жылжыған сайын ғылым мен техника да жаңаша сипат алып жаңара түспек. Ендігі жерде барлық іс компьютермен атқарылып, қол еңбегі мүлдем жойылады. Сөйтіп, адамзат баласы жанға жайлы мұндай рахат сезімді Кетрин бұрын соңды сезбеген шығар-ақ. Жанның ерні тиген жерлерінің бәрі езіліп кетердей-ақ. Ләззат шырынына малынған ол ыңырсыған күйі жігіттің бауырына кіре түсті. Одан әріге Кетриннің шыдамы жетпеді. Үстіндегі ең соңғы лыпасын сыпырып тастаған ол жігіттің ыңғайына көне берді. Қазір қай үйдің төрінен болмасын осындай жайлы жағдай тудыратын тұрмысқа қажетті техникалардың түр-түрін көруге болады. Тіпті, аулалардағы гүлзарларды күтіп баптайтын, көкжелектерді қиятын электрқайшылардың үздіге шыққан үні ыңырсыған-сыңсыған дыбысқа ұласып ұмыр-жұмыр болған екеу айналадағының бәрін ұмытқандай тылсым күйге енгендей еді.

Бұдан әрі баяндамашы ақ сазандай бұлқынып жатқан Кетринді жаңа көргендей бір сәт тұрды да, құмарлық қуаты бойында қайыра ойнап шығып, қызыл көрген бүркіттей қона түсті…».

Құрысын, одан әрі оқуға шамам жетпеді. Көз алдым қарауытып, газет қолымнан сырғып түсе берді. Егер қажет қылсаңыздар, сол күнгі газетті тауып алып өздеріңіз оқыңыздар. Ал, менің шамам осымен бітті.

Бітті демекші жағдай да осымен тамам болды. Ертесіне түс ауа бастық шақырып алып, жерден алып, жерге салып, ақыры қысқарып кете бардым. Қазір, міне, жұмыс іздеп желдіртіп жүрген жайым бар. Тек газеттердегі әріптестеріме айтарым, анекдот деген антұрған мен эротика деген есерге сақ болыңыздар. Әсіресе, Жаңа жыл қарсаңында…

Ізтай Белгібайұлы.

 

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру