Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Апбаз Қаражігітов залы ашылды

29.12.2023
- Руханият
0
Апбаз Қаражігітов залы ашылды
101
БӨЛІСТІ
280
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Биыл Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жезқазған қаласының және Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, ҚР мәдениет қайраткері Апбаз Қаражігітовтің туғанына 100 жыл толды. Соған орай Жезқазғанда жазушыны еске алып, есімін жаңғырту бағытында көптеген мәдени шаралар өткізілді. Сонымен қатар, өткен аптада Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Шексіз өлкетану» жобасы аясында тағылымды іс-шаралардың жалғасындай тағы бір ізгілікті іс қолға алынып, жазушы Апбаз Баймендіұлы Қаражігітовтің залы ашылды.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді халқымыз. Сол айтқандайын, жазушы Апбаз Баймендіұлы Жезқазған-Ұлытау өңірінің бір дәуірін тұтастай дерлік қамтыған қаламгер. Арқаның абыз ақсақалының артында қалған «Ақмоншақ» повестері мен әңгімелер жинағынан бастап, «Шақпақ», «Әке дауысы», «Қайран шеше» кітаптары мен «Майқоңыр», «Абыздар биігі» романдары сияқты көптеген туындылары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Өңірдің кешегісі мен бүгіні, алып өндіріс орыны мен ауыл тынысы, ондағы адамдардың тағдыры хақында сыр шертетін шығармаларында қаламгер адамгершілікті, достықты, махаббатты ту етіп көтереді. Өмірде болған оқиғалар мен құбылысты нақты, шынайы қалпында көркемдік тәсілдер арқылы суреттейді. «Апбаз Қаражігітов – серпінді сөздің (публицистиканың) ұстасы. Ол нендей тақырыпқа жазса да жан бітіріп, жайнатып жібереді», – дейді белгілі қаламгер Өмір Кәріпұлы.

Кітапханада ашылған жазушының залында Апекеңнің өмірдеректері, оның шығармашылығы жайлы қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың лебіздері, құттықтаулары, маңызды іс-шараларда және еңбек еткен ұжымымен, белгілі тұлғалармен бірге түскен фото суреттері, ол кісі туралы жазылған мақалалар мен ақындардың арнау өлеңдері көрнекі етіп безендірілген стендтер арқылы көз тартады. Кітаптарының макеттік үлгілері қойылған. Шығармаларының электрондық нұсқасын оқуға мүмкіндік беретін цифрлық жүйемен де жабдықталған.

Залдың ашылу салтанатында сөйлеген облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Түгелбаева жазушы Апбаз Қаражігітовтің 100 жылдық мерейтойлық шаралары республикаға белгілі тұлға жобасы аясында ұйымдастырылып, өткізілгенін атап өтті. Қаламдас інілері, Жазушылар одағының мүшелері Кенжебай Ахметов, Батырбек Мырзабеков, Ғазиз Ештанаев Апекең туралы естеліктерін айтып, тағылымды әңгіме өрбітті. Облыстық әмбебап кітапхана жүйесі жас кітапханашылар арасында «Сайын дала сардары» атты буктрейлер байқауын ұйымдастырыпты. Осы салтанатты шара соңында байқау жеңімпаздарына марапаттары мен сыйлықтары тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу40Твитерге25
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру