«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірлесіп өткізетін дәстүрлі спартакиада аясында футзалдан үздіктер анықталды.
«Қазақмыс» корпорациясының өңірдегі өндірістік құрылымдарының командалары қатысқан ойын екі аптаға созылды. Іріктелген командалар ақтық мәреде бақ сынады. Ойынның нәтижесінде ІТ цифрландыру қызметінің командасы чемпион атанса, энерегтика басқармасы екінші орынды еншіледі. Үшінші орынның жүлдесі Шығыс Жезқазған кенішінің үлесіне тиді.
Сондай-ақ, ерекше ойын көрсеткені үшін жекелеген қатысушылар арнайы номинацияларға ие болды. Энергетика басқармасынан Бақыт Шарипулла «Үздік қақпашы» номинациясына лайық деп танылса, Шығыс Жезқазған кеніші командасынан Нұрболат Төлеген «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.
ІТ цифрландыру қызметінен Темірхан Сүлейменов «Үздік шабуылшы» атанды. Жезқазған байыту фабрикасы командасынан Мәди Закиржановқа «Үздік ойыншы» атағы берілді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.