Балқашта қала әкімінің жыл сайынғы «Өркен» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттар шығармашылық, спорттық, қоғамдық және өндірістік қызмет салаларында жастар саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан жастарға берілді.
«Жылдың жас жұмысшысы» номинациясында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының мысты электролиздеу цехындағы тотияйын учаскесінің аппаратшы-гидрометаллургі Тілеубек Үмбетұлы жеңімпаз атанды.
Тілеубек Үмбетұлы – 31 жаста. Ол Саяқ кентінде туған. Қарағанды қаласының математикалық бейімділігі бар дарынды балаларға арналған № 7 мектеп-гимназиясының түлегі. Сондай-ақ, ол Астанадағы «Инновациялық технологиялар» колледжін бітірген. «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің құрылысына белсене қатысқан жан.
Ол 2017 жылдан бастап мысты электролиздеу цехында жұмыс істейді. Тілеубек өзінің еңбек жолын сулы ертінділерді электролиздеуші болып бастаған, ал 2019 жылы цехтың тотияйн бөлімінде аппаратшы-гидрометаллург болып жұмыс істей бастады. Тілеубек Үмбетұлы жоғары бесінші разрядқа ие болған цехтағы тәжірибелі мамандардың бірі болып саналады. Ол үшінші жыл мыс тотияйн өндіретін біріктірілген бригаданың бригадирі. Оның жетекшілігінде 40 адам жұмыс істейді, олар – аппаратшы-гидрометаллургтер, электролизшілер және зертханашылар.
– Біздің бригадамыз ұйымшыл және ұжымға кәсіби білікті мамандар жиналған. Мыс тотияйнын шығарамыз, ол кейін Қазақстанның түпкір -түпкіріндегі тұтынушыларға жеткізіледі, – дейді Тілеубек Үмбетұлы өз жұмысы туралы. – Жақсы аппаратшы болу үшін бірнеше жыл жұмыс істеу керек. Цехта жұмыс істеген осы алты жыл ішінде мен аға буын әріптестерімнен көп нәрсені үйрендім. Маған өз мамандығымның қыр-сырын Асқар Шәріпов, Беделбай Имашев, Қасқабай Махабаев, Мәди Әбдуалиев сынды тәжірибелі мамандар үйретті. Мамандыққа үйрену тез өтті, өйткені ең бастысы өз міндеттеріңді орындау, қауіпсіздік шараларын сақтау, сонда бәрі ойдағыдай болады, – деп сөзін жалғады ол.
Тілеубек Үмбетұлы бос уақытында кітап оқуды және спортпен шұғылдануды ұнатады. «Жылдың жас жұмысшысы» номинациясы бойынша 10 сайыскердің арасынан Тілеубек комиссия мүшелерінің шешімімен ең үздік деп танылды.
Тілеубек Үмбетұлы – үлгілі өндіріс жұмыскері. Осындай жастар әр өндірістің мақтанышы және болашақта өндірісті өрге сүйрейтін мықты мамандар болары анық.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.