«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында байқау жариялады. Оның мақсаты – компания кәсіпорындарындағы еңбек жағдайын дамытуға және жақсартуға елеулі үлес қосуда ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу.
Жыл сайын дәстүрге айналған байқау жеңімпаздарын «Қазақмыстың» әрбір қызметкері арнайы платформа арқылы таңдау құқығына ие болды. Онлайн жүйеде дауыс беру нәтижесінде он аталым бойынша өндірістік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін жобалар және олардың авторлары белгілі болды.
Атап айтқанда, «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік жұмысшы», «Үздік желілік жетекші», «ТҚ саласындағы кәсіпорынның үздік басшысы»; «ТҚ және ЕҚ бөлімінің үздік қызметкері», «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік әдіскер», сонымен қатар, «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік бейінді маман», «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік ынталандырушы бейнеролик», «ТҚ және ЕҚ саласындағы Үздік бригадир», «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік учаске бастығы», «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік тау-кен шебері» аталымдары бойынша жүзден жүйрік шыққандарды марапаттау рәсімі өтеді.
«Қазақмыс» корпорациясы» баспасөз қызметі.