Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

«Мысты өлкеде өркен жайдық, өндік», – дейді Садуахас Софиев

24.11.2023
- Еңбек адамы
0
«Мысты өлкеде өркен жайдық, өндік», – дейді Садуахас Софиев
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Талайлы тағдыр адамды туған жерінен жырақтатып, өзге аумақта қоныс теуіп, қанат жаюына ықпал етіп жатады ғой. Мен сөз еткелі отырған келесі кейіпкер кешегі тоқсаныншы жылдардың топалаңында өндірісті өлкеге келіп, тұрақтап қалған азамат.

Асқаралы алпыс жасқа толып отырған Садуахас Софиевтің қасиетті Ұлытау топырағына қадам басып, осында еңбекке араласып келе жатқанына – 26 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туып, өсіп 1981 жылы сондағы «Глубокий» шахтасында темір жонушының талапкері ретінде жұмысқа қабылданған сол кездегі жас жігіт бүгінде тәлімгер.

Әкесі Әлиякбар ақсақал 36 жыл сол шахтада еңбек етті. Әуеліде слесарь-жөндеуші, кейіннен бекітуші болды. Садуахас та әке жолын жалғап өндірісті таңдады. Екінші разрядты темір жонушы болып жұмысқа қабылданған Садуахас Софиев екі жыл әскери міндетін өтеген соң шахтаға қайта оралды. Басшылық оның қарым-қабілетін байқап, диплом алуға жол нұсқайды. Сөйтіп 1986 жылы Алматы индустриалдық техникумына металды өңдеу және кесу мамандығы бойынша оқуға түседі. Қолында дипломы бар маман 1989 жылы бригадирлікке тағайындалды. Кеңес Одағы тарап, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен тұста «Глубокий» шахтасының да тағдыры тоқырауға түсті. Шахта жабылды. Шаһарды ұстап тұрған өндірістен күш кетті. Қайтпек керек? Шахтада жұмыс істегендердің көбі басқа салаларға кетіп жатты. Садуахас Софиевтің бақытына орай Жезқазғанға жол түсіп тұрғанын ол кезде өзі де сезбеген еді. Осы тұста Жезқазғанға «Самсунг» атауымен келген мыс өндіруші компания жан-жақтан білікті мамандар тартудың тетігін қарастырды. Олар Кентау шахталарында жұмыссыз қалған 100 адамның ішінен 15 жұмысшыны осында алды. Соның ішінде Садуахас Әлиякбарұлы да бар еді.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

– Тұтас қаланың тіршілік тамыры іспетті шахта жабылып, халық жан-жаққа кете бастады. Бала-шағаны асырап, күн көру қамы қалай болар екен деп жүргенде, ойда жоқта Жезқазғанға келдік. Дипломы және тәжірибесі бар мамандарды іріктеп алды. Алғашында Оңтүстік Жезқазған кеніші №65 шахтаға бұрғылаушының көмекшісі болдым. Бір жылдан соң сол кездегі кеніш директоры Александр Юннің жарлығымен ДЕПО-ға темір жонушы болып ауыстым. Онда 2000 жылға дейін еңбек еттім. Кейін «Покро» шахтасындағы №14 телімде жалғастырдым. Қазір бұл телім №6 телім. Түрлі күрделі бөлшектер мен жабдықтар дайындаймыз. Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасының құрамындағы аталмыш телімге Александр Тихтов басшылық жасайды. Отыз адам жұмыспен қамтылған. Ауысым шебері ретінде осындағы барлық үдерістерді бақылап, әзірленетін бөлшектердің сапасын сараптаймын.

Еңбек өтіліме 42 жыл болса, соның 21 жылы осы ұжымда өтті. «Покро» шахтасынан бірге еңбек етіп келе жатқан Әлия Бақаева, Александр Тихтов, Өмірбек Нұржанов сынды майталмандардың шеберлігі ерекше. Қанат Камалов, Абдолла Молахов, Павел Филимоновтың да жинаған тәдірибесі бір мектеп. Ұжым татулықта, бірлікте жұмыс атқарады. Еңбектің арқасында ұжымға елеулімін. Тағдыр жазуымен Арқаның інжу-маржаны аталып кеткен Жезқазғанға келіп, қанат жайдым. Дос-
жаран тауып, құдандалы болдық. Барлығы да сыйлап, құрметтейді, – дейді Садуахас Әлиякбарұлы.

Білікті маманның тәжірибесін өздеріне мектеп ретінде қабылдаған бірнеше шәкірттері бар. Октябрь Тиесов, Диас Тәлла сынды кейінгі буын Садуахас Софиевтің шеберлігінде шыңдалды.

Садуахас Әлиякбарұлының өндірістегі жолын ұлдары жалғастырды. Талғаты Оңтүстік Жезқазған кеніші №65 шахтада бұрғылаушылардың бригадирі болса, Бағдаты «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС Жезқазғансервис кәсіпорнына қарасты №57 шахтадағы телімде темір жонушы. Қызы Айнұр «Ютария» ЖШС қызметкері. Садуахас Әлиякбарұлының құдай қосқан қосағы Зейнеп Төлегенқызы біраз жыл №65 шахтаның асханасында еңбек етті. Қазір немерелерін тәрбиелеп отыр.

Садуахас Софиев қолы бос кезде үстел теннисін ермек етеді. Ол бірнеше мәрте ұйымдастырылған жарыстардың жеңімпазы атанды. Алпыс жастың асқарына абыроймен жеткен Садуахас Әлиякбарұлы сұхбатының соңында:

– Осы қасиетті мекенге келгенде құшақ жайып, қарсы алған жезқазғандықтардың көңіліне, қонақжайлығы мен сыйластығына ризамын. Азды-көпті еңбек сіңірдік. Енді үш жылдан соң зейнет жасы. Соған дейін ізімізді
басар жастарды дайындап кетсек деймін. Мысты өлкеде өркен жайып, өніп-өсіп жатырмыз. Арқа жерінің ардақты азаматтарына әрқашан ризамын, – деп ағынан жарылды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Суретте:
Садуахас Софиев әріптесі Әлия Бақаевамен
бірге.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру