Жақында Қарағанды қаласынан жағымды жаңалық жетті. Жерорта теңізінің жағалауындағы әдемі Белек қаласында өткен «IRONMAN 70.3 TURKEY-2021» спорттық додасында қарағандылық Дидар Хайдар жеңіске жетті.
Ол «Казцентрналадка» ЖШС басшысының орынбасары болып еңбек етеді. Қауырт қызметіне қарамастан Дидар спортты серік етіп, қазіргі таңда «үш атлеттен» олжалы болып жүр. Белек қаласында өткен додада ол теңіз арқылы 1,9 шақырымда жүзу, 90 шақырымды велосипедпен жүріп өту және 21,1 шақырым жүгіру межелерін бағындырды.
Сынақтар оңай болмаса да Дидар олардың барлығын 6 сағат 23 минутта еңсеріп, жеңіске жетті. Ал, биылғы жылы Дидарды Рим қаласында өтетін толық қашықтықтағы байрақты бәсеке күтуде. Ол қазір осы додаға дайындық үстінде. Дидар бұл жолы 3,86 шақырым жүзуден, 180, 25 шақырым велосипедпен жүріп өтуден және 42,195 шақырымды жүгіруден байрақты сайысқа түспек.
Ел намысын қорғайтын Дидарға сәттілік тілейміз.
Бағдат АЙТӨРЕ.