Өткен жылдың соңында Нұрқазған байыту фабрикасында жаңа ұсақтау телімін салу бойынша ауқымды жоба басталған болатын. Өндірістік кешен кен өңдеу зауытының көрсеткіштерін жақсартып қана қоймай, қолданыстағы желіні резервке көшіруге, ал бұл шара өндірісті тоқтатпай жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Ұсақтау бөлімі екі корпустан тұрады: ұсақтау және електен өткізу. Олар конвейер галереялары арқылы өзара байланысады. Соңғы өнім майда ұсақтаудан өткізілу үшін жұмыс істейтін корпусқа жіберіледі. Байыту фабрикасының бас инженерінің айтуынша, ауқымды құрылыс зауытқа жоспарлы көрсеткіштерді алуды тұрақтандыруға және оларды жылына 4 млн тонна кенге дейін ұлғайтуға мүмкіндік жасайды.
Жаңа ұсақтау телімі заманауи автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталып, кешенде бір ауысымда сегіз адам жұмыс жасайтын болады: үш конвейер машинисі, екі ұсатқыш, електен өткізуші, кезекші электрик және слесарь-жөндеуші. Жаңа учаскеде қызметкерлердің жайлы және қауіпсіз жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалады.
Барлық құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстары 2024 жылдың III тоқсанының соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.