Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Қариялар бата беруден сайысты

12.10.2023
- Руханият
0
Қариялар бата беруден сайысты
160
БӨЛІСТІ
445
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облыстық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен және облыстық мәдениет басқармасы мен «Ұлытау» телеарнасының қолдау көрсетуімен бата беру жөнінен алғашқы рет облыстық байқау-конкурс ұйымдастырылды. С. Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрында өткен «Батаменен ел көгерер» атты конкурс шарасын тамашалауға ақ баталы аталар, ақ тілеулі аналар, қарттарым қазынам деп бағалайтын әлеумет өкілдері біршама  ұйыса жиналды.

Салтанатты шараның ашылу салтанатында сөз алған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар қазақтың бата беру салтының ерекшелігі мен қасиетіне тоқтала келіп, салиқалы сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Баталы ел – арымас, батасыз ер – жарымас» деп білетін халқымыз үшін ақ батаның орны ерекше. Осыны көңілге түйген облыстық Ардагерлер кеңесі биылғы жылғы жұмыс жоспарында ұлтымыздың бата беру дәстүрін дәріптеуге айрықша көңіл бөлген еді. Соған орай, жыл басында еңбек ұжымдарында, ауылдарда басталған бата беру бәсі жалғаса келіп, аудан, қалаларда өткізілді. Қала іргесіндегі Кеңгір мен Талап ауылдарының ардагерлер кеңесі бата беру мен өсиет-тілектерді жаңғыртуға арналған шараны мектеп ұжымымен бірлесіп ұйымдастырды. Жаңаарқа ауданы мен Сәтбаев, Қаражал қалаларындағы батагөй қариялар арасындағы байқау-конкурстар да тартымды да мазмұнды шараға айналған болатын. Ал, осы облыстық байқаудың алдында Жезқазған қаласының ардагерлер кеңесі «Ақ бата» деп аталған ұлттық-салт дәстүр, ғұрып конкурсын мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен өткізіп, бата-тілектің қасиетін жас ұрпақтың бойына дарытуға мән берді. Жастар Әнет бабаның Төле биге айтқан өсиеті мен батасын, Бағаналы Барлыбай ханның Сандыбай батырға берген батасын сахналық көрініспен әсерлі жеткізе білді. Өз жанынан шығарып бата берушілер де болды. Батагөй ақсақалдар жастарға ақ батасын берді. Осы шараларда мәйекті баталарымен айрықша танылып, жүлдегер атанған қариялар облыстық байқауға жолдама алған болатын.

Өмір – өзен, тірлік дейтін тартты ағын

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Талап қылдың, тартынбадың, жатпадың.

Ел көгеріп, ұрпақ өсті, нұр жауды,

Өздеріңнің ақ батаңмен қарттарым, – деп ақын жырлағандай, «Батаменен ел көгерер» байқау-конкурсына аудан, қалаларда ұйымдастырылған бірінші айналымда жеңімпаз атанып, іріктеліп келген 12 батагөй қатысты. Сахнаға шыққан үміткерлердің әрқайсысы екі бата, бір өсиет-тілек айтып, сынға түсті. Үміткерлер бата-тілектерінде еліміздің, жеріміздің аман, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуынан бастап, отбасында береке-бірлік орнап, дастарханның бай болуына дейінгі әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Батаның арасында әуезді әнге де кезек беріліп отырды. Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Ғалым Мұхамедин орындаған Қайып Айнабековтің термесі, Серік Оспанов нәшімен шырқаған «Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуы» тыңдармандар көңілінен шығып, көпшілік қауым ризашылықпен қол соқты. «Қарақат» мектеп-студиясының домбырашылар ансамблі және басқа да өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.

 

Сайысқа түскен қариялардың баталарына ұпай беру барысында таңдаған тақырыбының ашылуына, мазмұндылығына, тіпті үстеріндегі киімдерінің ұлттық үлгіге сай келуіне дейін ескеріліп, баға берілді. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Қаражал қаласының Құрметті азаматы Жарқынбай Жетімек ақсақал лайықты деп танылып, дипломмен және 300 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ол өндірісті қаланың мәдени-рухани өміріне белсене атсалысып жүрген әнші-өнерпаз ардагер екен. Өлең жазатын өнеріне қарай баталарын өз жанынан шығаратыны аңғарылды. Бірінші орынды Жезқазған қаласының батагөй ақсақалы Қуанышбек Нарбаев еншілеп, оған 200 мың теңге ақшалай жүлде мен диплом тапсырылды. Екінші орын 100 мың жүлдесімен Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылынан келген 83 жастағы Берген Қожамұратов қарияға, 70 мың теңге сыйлығы бар үшінші орын сәтбаевтық Әділбек Қасымовқа берілді. Қалған қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Бата беру бәйгесін қорытындылай сөйлеген облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов аймағымызда алғашқы рет өткізіліп отырған бата беру байқауының ежелгі салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, дәріптеудегі маңызының зор болғандығын алға тарта келіп,  мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу64Твитерге40
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру