Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Еңбегімен еңселі

22.09.2023
- Еңбек адамы
0
Еңбегімен еңселі
91
БӨЛІСТІ
254
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасындағы №84 кен өндіру телімі – тегеуірінді қимылымен көш бастап жүрген ұйымшыл ұжым. Жыл басынан бері ай сайын жоспарға сәйкес 51 мың тонна кен өндіруді қамтамасыз еткен кеншілер Еңбек күні мерекесін лайықты тарту-таралғымен қарсы алып отыр.

Еңбек күнін тойлау дәстүрінің тамыры тереңде, кеңестік кезеңдегі 1 мамыр – Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күнімен сабақтасып жатыр. Еңбегін емген елдің ынтымағы әспеттеліп, төккен тері таразыланып, соған сай қошамет пен құрмет көрсетілетін бұл мереке Одақ ыдырағаннан кейін атап өтілмей қалды. Алайда, уақыт өте келе жас ұрпақ тәрбиесінде орны бөлек мұндай мерекенің қажеттілігі айқын сезілді. Сосын Мемлекет басшысының 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді.

– Бұл күні өзінің табандылығы және қажырлы еңбегімен жоғары нәтижеге қол жеткізген адамды мақтан тұтып, үлгі етіп, атап өтуге керемет мүмкіндік бар. Амандық болса, осы мерейлі мерекеге арналып өндірістік бірлестікте өтетін салтанатты жиында біздің кеніштен 15 адам марапатталады. Кейбіреуі «Еңбек ардагері» медалін омырауына тағуы мүмкін. Ол ведомстволық марапат кез келген саладағы еңбек сіңірген адамға беріледі.

Сондай-ақ, Еңбек күнін атап өтуге орай жас мамандар байқауы, мерекелік қойылымдар, спорттық жарыс және басқа мерекелік іс-шара өткізіледі. Жылдың үздік қызметкері немесе ең үздік жас қызметкер атағына арнап байқау жарияланып, жеңімпаз медальмен немесе бағалы сыйлықпен марапатталады. Ондағы мақсат – жас маманды еселі еңбекке ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандығы мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару, – дейді «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағының кеніштегі буынын басқаратын Манап Байдүйсенов.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

Шахта шыңырауында шаруаның шырайын шығарып, ауысымның әр сәтін толағай табысқа айналдырған таңдаулы телімнің тізгіні төрт жылдан бері «Қазақмыстың» кеншілер қаласындағы технологиялық колледжінің түлегі Дастан Мәменовтің қолында. Еңбек жолын 2009 жылы «Жаман-Айбатта» бастаған ол алты жылдан кейін осы кенішке ауысқан. Жас болса да жұмыстың жай-жапсарын жетік білетіні сөз саптасынан аңғарылып тұрды.

– Шахтада біраз шаруаның басын қайтару орта буын басшылардың біліктілігіне байланысты. Үш ауысымға шикізат өндірудің жөн-жосығын жетік білетін кен шеберлері Сраждин Мұқанов, Нұрқанат Әбдіжаппар, Жанат Қапаров бас-көз болып жүр. Кеншілер де анау-мынау инженер-техник қызметкерінен кем емес. Білікті бригадир Айдын Жәткеев, білікті бұрғышылар Бақытжан Аюпов пен Жандос Томпақов әріптестерінің тиімді жұмыс істеуіне ұйтқы бола білуде. Қажырлы қимылдың арқасында тәулігіне кемі 1 700 тонна шикізат кен өңдеу кәсіпорнына жөнелтілуде. Бұл – телімдегі әр адамның моншақтата төккен маңдай тері мен біліктілігінің өтеуі, – дейді телім бастығы.

Дастан Мәменов, Манап Байдүйсенов

«Анненск» – аймақтағы терең шахта. Шыңырау түбі шамамен жеті жүз метрден асады. Ондағы кен қатпары да күрделі. Жалпы, Жезқазған өңірінде көлбей жатқан кен қабаты онша ойыс емес, ал «Анненск» – айрықша. Оған қалыптасқан технологияны қолдану қолайсыз. Сондықтан, кен қатпарының орналасуына орай оны өндірудің арнайы жүйесі жасалған.

Бақытжан Аюпов, Жандос Томпақов

Онда небір танымал шетелдік фирманың жетілдірілген қуатты техникасы қолданылады. «Параматик» бұрғы бойлатады. Қуатты «Катер» кен тиеп, төзімді «Тора» тасымалдайды. Проходкаға алымды «Аксера» мен қарымды «Миниматик» қойылған. Забой төбесін «Робольт» бекітеді. Өткен сегіз айды екпінді еңбек, толымды табыспен шығарып салған кеніштің ынтымағы уыздай ұйыған ұжымы берекелі еңбек вахтасын белді бекем буып, сәтімен жалғастыруда.

Сраждин Мұқанов

Әлібек ӘБДІРАШ.
Суреттерді түсірген автор.

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру