Отандық геология саласында саналы өмірін Қазақстанның геологиясы мен тау-кен кешенін дамытуға арнаған мамандар жеткілікті. Солардың қатарында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кен-байыту кешені техникалық бөлімінің жобалау бойынша бас маманы Достияр Қарабаев бар.
Достияр Қарабаев Ұлытау кентінде туып-өскен. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлтық техникалық университетінің түлегі. Еңбек жолын Оңтүстік Жезқазған кенішінің жерасты учаскесінің учаскелік геологынан бастаған ол, одан әрі, осы кеніште аға геолог болды,
содан кейін «Жаман-Айбат» кенішінің бас геологы болып тағайындалды. Осы кәсіпорындардың барлығында жұмыс істей отырып, Достияр Өмірбекұлы жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен инженерлік-геологиялық білімін көрсете білді. Ол алдымен «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас геологы, содан кейін «Қазақмыстың» бүкіл тау-кен өндірістік кешенінің бас геологы болып тағайындалды. Жезқазғанның тау-кен кәсіпорындарында Достияр Қарабаев геология саласының ірі де білікті маман ретінде қалып-
тасты. Жезқазған өңірінің кәсіпорындарында жұмыс істеген жылдары инженер-геолог «Жаман-Айбат» пен Жезқазған кен орындарын игеру бойынша көптеген геологиялық барлау жұмыстарына белсене қатысты.
2019 жылдан бастап, Достияр Қарабаев, Балқаш өңірінде «Балқаштүстімет» ӨБ бас геологы болып жұмыс істей бастады. Ұжымда жұмыс істеу қабілетін оның әріптестері де атап өтті. «Достияр Қарабаев өндірісті жақсы біледі және оны білікті басқарады», – дейді. Достияр Қарабаевтың 20 жылдан астам уақыт еңбек және өндірістік қызметі Қазақстанның геологиясы мен минералдық байлығын зерттеумен байланысты.
2022 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің басшылығы оны Балқаш өңірі бойынша тау-кен байыту кешенінің бас геологының орынбасары етіп тағайындайды. Қазіргі уақытта, Достияр Қарабаев кен-байыту техникалық бөлімінің (жобалау бойынша) бас маманы болып қызмет атқарады.
Осы жылдар ішінде Достияр Қарабаев «Қазақмыс» корпорациясы басшыларының Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің III дәрежелі «Кенші даңқы» салалық төсбелгісімен марапатталды.
Достияр Қарабаев Астанада өткен отандық геологтарының I съезінде салаға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «ҚР Еңбек сіңірген геологы» салалық белгісімен марапатталды.
Достияр Қарабаевты жоғары және лайықты марапатымен құттықтаймыз!
Ләззат СМАҒҰЛОВА.