Сәтбаев қаласы прокуратурасы және еріктілердің араласыумен далада қалған әже мен оның немересі жатақханаға қайтарылды.
Осыдан екі жыл бұрын Айгүл есімді кісінің қызы өмірден озады. Осыдан соң ол жиені Жасминді өз қамқорлығына алып Шаталюк көшесінде орналасқан жатақханада күндерін көріп жатады. Алайда, қарама-қарсы тұратын көршісі, көршілерінің айтуынша қалалық мәслихат депутаты, тыныштық бермеген. Сол Айгүл тұрып жатқан 3 бөлмелі жайға көзі түссе керек. Учаскелік полицияға арызданып, «Айгүл ішкілікке салынды, қызды балалар үйіне өткізу керек» деген жалған ақпар жеткізіп отырады.
Сәтбаев қаласы әкімдігінің шешімімен Айгүл 2022 жылы жатақханадан қуылады. Осылайша, бір жарым жылға жуық ол жиенімен ауылға барып, жалданып жұмыс істейді. Жасмин сол жерде оқиды, бірақ, өзін «жетім» деп шетқақпай ететін ауыл балаларымен тіл табыса алмайды. Содан кейін әжесі мен немересі Сәтбаев қаласына қайта келеді. Әкімдіктің табалдырығын тоздырып, әупірімдеп жүріп 1 бөлмелі жатақханаға орналасады. Жатақхана деген аты ғана, көршісі ішімдікке салынған. Сөйтіп, жиені үшін алаңдай бастайды.
«Алыс туыстан жақын көршің артық» демекші, бұрыңғы көршілері бірігіп әлеуметтік желіден еріктілерді іздейді. Еріктілер мен көршілер әкімдікке барады. Әкімдіктен жауап ала алмаған соң, кейін прокуратураға жүгінеді.
Осылайша, Шаталюк көшесінде орналасқан жатақханаға прокуратураның араласуымен кол жеткізеді. Ал, Сәтбаев қаласының әкімдігіне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс жолданған.
Жасмин небәрі 6-сынып оқушысы. Жатақханадағы баспананы қайтарып берген ағаларына алғыс білдірді. Қазір, Айгүл теміржолға күзетші болып жұмысқа орналасқан. Көршілері мен көмек берген жандарға айрықша риза.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.