Басқарма басшысы мұны биылғы ауа райының қуаңшылығымен байланыстырады. Қардың аз, ылғалдың күткен шамадан кем түсуіне байланысты егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтар биыл егіндерінің көлемін шектеуге мәжбүр болған.
Орайы келгенде айта кетейік, үстіміздегі жылы облыс диқандары 28 762,2 гектар жерге дәнді-дақылдар сіңірген. Оның 23 585,1 гектары бидай, 3 155 гектары арпа, 4 271,8 гектары азықтық дақылдар, 901,7 гектары көкөніс және бақша дақылдары.
Құрғақшылық мал азығын дайындауға да өзінің кері әсерін тигізіп отыр. Өңірімізге қарасты шабындықтардың бәрінде дердік шөптің шығымы аз. Бұл шөптің бағасының қымбаттауына себеп те болуда. Қазір облыста шөптің бағасы орта есеппен 800 теңгені құрайды. Ал, кебектің тоннасы – 85 мың теңге болса, арпаның құны – 95 мың теңге.
Биыл Ұлытау облысы бойынша жалпы көлемі 539 мың тонна шөп дайындау күтілуде, қазір 351 мың тонна шөп дайындалған.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.