Сейсенбі, 22 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Кеншілер әулетінің өкілі

25.08.2023
- Мерей
0
Кеншілер әулетінің өкілі
99
БӨЛІСТІ
276
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Молдахановтар әулетінің бірнеше өкілін Балқаш өңірінің жұртшылығы кенші мамандығына шынайы берілген азаматтар ретінде таниды. Мәуелі бәйтерекке айналған құтты шаңырақтың отағасы болған Төлеуғазы Молдаханов пен Амандық Баубекова өңірдегі Шығыс Қоңырат кенішінде ұзақ жыл еңбек еткен.

Төлеуғазы ақсақал 30 жыл кен тиеу машинасында машинист болса, зайыбы Амандық 25 жыл кен көтерме машинасында машинист болды. Өңірдің ардақты кеншілері ретінде құрметтелген қос қарияның жолын балалары жалғастырды. Нұрғазы, Ерлан, Руслан ата-ана жолын өздеріне үлгі тұтты.

Шығыс Қоңырат кенішінің шахталарында тер төккен Нұрғазы мен Ерлан майталман маман атанды. Олардың ізінен Руслан Төлеуғазыұлы ерді. Руслан Молдаханов 1996 жылы Балқаш мыс балқыту зауытында еңбек жолын бастаған. 2004 жылы «Саяқ» кенішіне ауысып, тиеу, жеткізу машинасының машинисі болып жұмысқа орналасты. Бір жылдан соң Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Шатыркөл» кенішіне тиеу, жеткізу машинасының машинисі ретінде жұмысқа қабылданды.

Кеншілер әулетінің өкілі Руслан Төлеуғазыұлы жеті қат жер астында өндірілетін кендерді тасымалдаумен айналысады. Қауіп-қатер қанжығаласып жүретін кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, бірнеше жасқа тәлімгер болды.

– Желісі үзілмей атадан балаға мирас болып келе жатқан кенші мамандығын игерудің де өз қиындығы бар. Оны кен өндіру үдерісімен бетпе-бет келгенде ғана сезіне аласыз. Алдымдағы темірқазықтай тұлғаларым – ата-анам мен ағаларымның жолын үлгі тұтып келемін, – дейді Руслан Төлеуғазыұлы.

Ақырын жүріп, анық басатын азаматтың кен өндіру саласындағы еңбегі басшылық тарапынан лайықты бағаланды. Омырауында ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі жарқырайды. Сонымен қоса, «КәсіпҚорған» кәсіподағының қоғамдық өміріне белесене атсалысудағы үлесі үшін «Кәсіподақтың құрметті қайраткері» төсбелгісіне ие болды.

Руслан Молдаханов әке салып кеткен сара жолға әрқашан құрметпен қарайды.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • “Шығыстағы” шырайлы шара

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Жаңа спорт алаңы ашылды

    139 бөлісті
    Бөлісу 56 Твитерге 35
  • 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

    143 бөлісті
    Бөлісу 57 Твитерге 36
  • Облыс әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1657 бөлісті
    Бөлісу 663 Твитерге 414
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру