Сары мыс сапырған металлургтердің кәсіби мерекесіне орай Жезқазған мыс қорыту зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті жыл сайын өндіріс еңбеккерлерінің арасында шахматтан жарыс өткізуді дәстүрге айналдырған.
Адам ойының дамуында септігі мол спорт түріне қызығушылық танытушылар қатары да жыл санап өсіп келеді. Биылғы жарысқа 20-дан аса әуесқой шахматшы қатысты. Қарсыласты оңтайлы әдіс, айламен ұтуға ұмтылғандардың ой жүйріктігі мен жылдамдығы белгіленген уақытта жеңімпаз атануға мүмкіндік берді. Ойын нәтижесінде жарыстың бірінші орнын автоматика және есептеу техникасы цехының басшысы Ғалым Жандәулетов жеңіп алды. Шихта дайындау цехының күйдірушісі Сабыржан Тоқбаевтың үлесіне екінші орын тисе, мысты электролиздеу цехынан кран машинисі Жандос Кіртай үшінші орынның тұғырынан көрінді.
Комитет төрағасы Ардақ Ақылбекова жарыс жеңімпаздарына алғысын білдірді. Кәсіподақ комитеті ұйымдастырған жарыстың жеңімпаздары мерекелік салтанатта марапатталатын болады. Соынмен қатар, ұйымның ұйытқы болуымен зауыт еңбеккерлерінің арасында футболдан турнир өтті. Нәзік жандар арасында көңілді мәре жарысы да ұйымдасырылды. Аталған екі шараның да жеңімпаздары салтанатты шарада марапатқа ие болады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.