«Транко Жез», «НацСтройПроект» ЖШС мен «Транко» АҚ Жезқазған филиалы әкімшілігі мен «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитеті бірлесіп, кәсіпорын еңбеккерлерінің балаларына ашық есік күнін өткізді.
Оның мақсаты – балақайлардың ата-аналарының қандай жерде еңбек ететінін көрсетіп, еңбекке баулу, еңбек адамын үлгі ету, ата-анасының еңбегіне деген құрметін арттыру. Ашық есік күнінде балалар теміржол саласының қыр-сырына қанығып, ата-
аналарының жұмыс орнымен толық танысты. Темір жол мамандығы жайлы білімдерін жетілдірген балаларға кәсіподақ комитетінің төрағасы Елдос Әбікенов сый-сияпат жасап, балаларды қуантты.