Жыл сайынғы «Алтын Гефест» байқауы Astana Mining & Metallurgy Congress (AMM) аясында өткізіліп отыр. Оған геология, тау-кен металлургия саласының мамандары, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы тақырыбын көтеретін журналистер қатысты.
«Алтын Гефест» байқауы әсіресе сала қатысушылары үшін маңызды – бұл тау-кен металлургия кешені мамандары үшін республикалық маңызы бар ең беделді сыйлық.
Байқауға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне аса мән беріп, көзге түскен қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған жобалар ұсынылды. Сондай-ақ тұсаукесерде Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күніне арналған «Қауіпсіздік сағаты» іс-шарасы туралы бейнеролик көрсетілді.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша «Жыл көшбасшысы 2023» номинациясында «Алтын Гефест» сыйлығы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Шыңғыс Турежановқа табысталды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.