Жұма, 27 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Отыз төрт жыл бір салада

09.06.2023
- Еңбек адамы
0
Отыз төрт жыл бір салада
82
БӨЛІСТІ
227
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Адам ғұмырымен есептесеңіз, бұл жылдар тізбегі азаматтың толысып, өзінің қарым-қабілетін паш етіп, білімі мен біліктілігін жарқ етіп көрсетер шағы. Ал, еңбек жолында осынша жылды қалыптастыру өз кәсібіңе деген адалдықты, еңбексүйгіштікті талап етеді.

«Әлемнің әміршісі – еңбек» демекші, қоғамның дамып, жетілуінде маңызы зор салаларда еселі еңбегімен құрметке кенеліп жүрген аға буынның жүріп өткен жолынан алар тағылым көп.

Бүгінде өндірісті аймағымыздың «жүрегіне» теңеліп кеткен Жезқазған мыс қорыту зауыты талай өндіріс оғландарының атын тарихқа алтын әріппен жазып қалдырды. Міне, сол алыптар шоғырының ізін басқан орта буын өкілдері де сонау 30-40 жылдан бері еңбек көрігін қыздырып келеді. Солардың қатарында Сағынжан Бекқожин да бар.

Өндіріс ошағындағы күкірт қышқылы цехында аппаратшылар бригадирі болып еңбек ететін Сағынжан Хамитұлы – өз саласында біліктілігі жоғары маман.

Сағынжан Бекқожин 1967 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қаратал селосында дүниеге келген. 1984 жылы мектепті тәмамдаған соң дәм-тұз бұйырып, Жезқазғанға келді. Құрылыс техникумына құрылысшы мамандығына оқуға түсті. Оқып жүріп, әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеп келген соң оқуын жалғастырып, құрылысшы мамандығын алып шықты. 1989 жылға дейін құрылыста еңбек етті. Алайда, сол кездегі мардымсыз жалақы отбасына аздау болып, Жезқазған мыс қорыту зауытының күкірт қышқыл цехына жұмысқа орналасты. Аталмыш цехтағы жуу, кептіру, байланыс бөлімдерінде аппаратшының көмекшісі, аппаратшы болған Сағынжан Хамитұлы ауысымда бригада басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

– Бригадамда он бес адам бар. Біздің цехтың басты мақсаты – пештен қайнатылған, конвертерден бөлінген барлық газды тазалап, олардан күкірт газын, қорғасын, рений сынды элементтерді құбыр арқылы газ үрлеу машинасымен тартып алып, жуып, шайып, ренийді сирек металл цехына жіберу. Қорғасынды құрғақ электр сүзгі арқылы аламыз. Кептіру бөлімшесі арқылы кептіріп, байланыс бөлімімен үлкен температурада күкірт газынан күкір қышқылын дайындап, қоймадан тапсырыстарға жөнелтіледі.

Бригадада аға аппартшылар Бейбіт Әжібеков, Ғалым Мұқатов, Қазыбек Құрманбаев сынды озаттар кейінгі жас аппаратшылар Айдос Елемесов, Азамат Қарақоджаев, Еркебұлан Ерназар талапты жастарға өндірістің қыр-сырын меңгертуде. Құбыр арқылы газ үрлеу машинасының тілін меңгерген Гүлжанат Керімбекованың да еңбегі ерен. Ұжымымыз ынтымақ пен бірлікті ту еткен. Бір-бірін әрқашан қолдауға дайын, – дейді Сағынжан Хамитұлы.

Сабырлы да байсалды қалыптағы Сағынжан Бекқожин өзінің 34 жылдық еңбек жолында шыңдалу мектебінен өтті. Бүгінде оның жиған тәжірибесінің өзі кейінгілерге бір мектеп.

Сағынжан Хамитұлы 1989 жылы Ақтоғайдың тумасы Айгүл есімді қызбен бас құрап, Мөлдір, Жаннұр есімді қыздары өмірге келді. Бүгінде шаңырақты шаттыққа бөлеген Нұрәділ, Аяужан, Аяла есімді немерелердің балдай күлкісімен қуанышқа кенеліп отыр. Шаңырақтың отанасы ұзақ жыл Жезқазған қаласындағы Қабден Шыңғысов атындағы №5 мектепте ұстаздық етті.

Өмірін өндіріске арнаған Сағынжан Бекқожиннің біліктілігі жастарға үлгі.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру