Құрылыс саласының шебері, іскерлігімен танылған Николай Распопов басшылық жасайтын жөндеу-құрылыс компаниясы 1993 жылы қатарға қосылған болатын.
Кенді өңірдегі құрылыс жұмыстарына отыз жыл қатарынан атсалысып келе жатқан кәсіпорынның мерейтойында оның қалыптасып, дамуына айрық шаүлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов арнайы қатысты. Уәлихан Қуанышбекұлы:
– Өндірісті өңірде құрылыс саласының қарқын алып, дамуына айрықша үлес қосып отырғанкомпанияныңотызжылдықбелесіндегі атқарған шаруаларына қанықпыз. Осы кәсіпорынның құрылып, еңсе тіктеуінде қаншама ардагерлер еңбек сіңірді. Николай Ивановичтің кәсіби шеберлігі мен басшылық қабілетінің нәтижесінде ұжым табысты жұмыс жасауда.
Сіздердің орасан зор еңбектеріңіз алдағы уақытта жаңа облысымыздың гүлденуіне ұшан-теңіз үлес қосарына сенеміз, – деген жылы лебізін білдіре келіп, кәсіпорын директоры Николай Распоповқа сый-құрмет көрсетті.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.