Қоғам дамыған сайын оны құраушы адамның зиянсыз әрі қауіпсіз еңбек ортасында жұмыс жасауын өндіріс ошақтарының басшылығы бақылауда ұстауы керек. Өткен жиырмасын шығасырдың еңбек жағдайымен қазіргіні салыстырсаңыз арасы жер мен көктей.
Озық технология дамыған заманда өндірістік жарақаты бар еңбеккерді созбалаңға салмай науқасының дәрежесіне қарай мүгедектік топқа жіберу, ауыр еңбекке жарамсыз болса, жеңіліне ауыстырып, пайызбен ақы төлеу мәселелері көп кеншілерді мазалап жүргені біраздан бері айтылып келеді. Шын мәнінде медициналық тексеру комиссиясы жұмысшыдан диагноз бойынша еңбекке жарамсыздығын анықтаса, созбалаңға салмай мүгедектік рәсімдеуді ың-шыңсыз жүзег асыруы керек емес пе? Кеңес уақытында шахтад аеңбе кетіп, науқасқа шалдыққандар мед комиссияның шешімімен мүгедектікке жіберілетін. Қазір бұл тетік неліктен дұрыс жұмыс атқармай отыр?
Осы төңіректегі көптің көкейінде жүрген мәселелерді «КәсіпҚорған» кәсіподағы Қазақстан Республикасы денсаулық министрлігіне жолдапты. Бұл оң шешім деп білемін. «Мысты өңір» газетінде жарияланған бірқатар талаптарға мен де ой-пікірімді қостым. Министрлік тарапынан арнайы топ құрылып, медициналық тексерісті қатаң бақылауға алып, кәсіподақ ұсынған талаптар негізінде жұмыс жасалуы керек. Сонда денсаулығына байланысты аз ғана пайыздық мөлшермен жұмыс жасап жүрген азаматтардың лайықты түрде мүгедектігін тануға мүмкіндік туады. Министрлік пен кәсіподақ арасында осы түйткіл түйінін тарқатса, көптің күпті көңілі жайланар еді.
Төлеген Бүкіров,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
Ардагерлер кеңесінің төрағасы.