28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде «Қазақмыс» компаниялар тобының барлық өндірістік алаңдарында дәстүрлі «Қауіпсіздік сағаты» жиналысы өтті. Бұл іс-шаралар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдағы жарақаттану мен апаттың деңгейін төмендету саласындағы жетістіктерін атап өтуге арналған. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін жеке және ұжымдық жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұжымдарда өзі және әріптестерінің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға көмектеседі.
Жезқазған, Қарағанды, Балқаш өндірістік аймақтарында өткен жиында биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы қауіпсіздік саясатын жүзеге асырудағы нәтижелер қорытындыланды. «Қауіпсіздік сағаты» жиналысының басты оқиғасы еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамытуға және сақтауға барынша үлес қосқан үздік қызметкерлерді марапаттау болды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ, «Қарағандытүстімет» ӨБ, «Балқаштүстімет» ӨБ және Ғ. Омаров атындағы шахтақұрылысы тресінен 49 еңбеккер қауіпсіздікке қосқан үлесіне сай «Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғаудағы үздік жұмысшы» және «Үздік желілік жетекші» аталымдары бойынша марапатқа ие болды.
Сондай-ақ, еңбекті қорғау күніне орай «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің балаларының арасында сурет байқауы өтті. Байқау ережесіне сай тақырыпқа келетін шығармашылық жұмыстар іріктеліп алынды. Жиында қылқаламнан туған үздік шығарма иелеріне де компания атынан сый-құрмет көрсетілді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.