Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Алпысқа абыроймен жетті

05.05.2023
- Еңбек адамы
0
Алпысқа абыроймен жетті
84
БӨЛІСТІ
234
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Халқымызда «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деген аталы сөз бар. «Бармақтай» бақберген Жаратқанның осы бір игілігіне қарапайым еңбегімен, адалдығымен қоса жетіп, өз ортасына деген құрметі арқылы бүгінде абыройға кенелген жан жайлы сөз еткелі отырмыз.

Өндірісті өлкенің пайдалы қазбасын игеруде өзіндік қолтаңбасын қалдырған азаматтардың қатарында НұрланЖұмағұловтың да есімі аталады. Отыз жылдан аса кен өндірісінде еңбек еткен Нұрлан Тұрсынбекұлы алғашқы еңбек жолын Жезді кен басқармасының Орталық шахтасында кен тасушы болып бастады. Ол сол жылдарда кен өндірісінде даңқы асқақатап тұрған бригадир Қасымбек Сәдуақасовтың мектебінен өтіп, шыңдалды. Тәжірибежинақтап, кен бұрғылаушы кәсібін игерді.

– Жезді кентінде туып, өсіп, орта білімді сол жерде алдым. Мектепті тәмамдаған соң Балқаш қаласында жүргізушілер мектебінде оқыдым. Әскерден соң мен өмірімді кенші кәсібіне бағыттадым. Кен өндірісі адам өміріне қаншалықты қауіпті әрі зиян екенін білсем де таңдаған жолымнан қайтпадым. Жезді шахтасында шыңдалып, тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудың легімен кенттегі шахта жабылған соң 1996 жылы Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі №65 шахтаға орналастым. Ал, 1997 жылы «Степной» кенішіне ауыстым. Ауыр өндіріс денсаулыққа өз зиянын тигізбей қоймады. Сондықтан жеңіл жұмысқа ауыстым. Бірнеше жыл кеніште слесарь болып еңбек еттім. Кенші мамандығын таңдағаныма әсте өкінбеймін. Өмірдің де өндірістің де мектебінен өттім. Бұл салада даңқты кеншілермен қатар еңбек ету бақыты бұйырды. Қазіргі таңда Жезқазған байыту фабрикасында еңбек етіп келемін, – дейді кейіпкеріміз.

Нұрлан Тұрсынбекұлы асқаралы алпыс жасында фабрика басшылығы мен ұжымның, «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитетінің ұсынысымен үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

Ақырын жүріп, анық басқан Нұрлан Жұмағұлов еңбегінің жемісін көруде. Ұжымына сыйлы азамат отбасында арқа сүйер әке, ақылшы ата. ЗайыбыГүлжаһанекеуіүш бала тәрбиелеп, бүгінде солардан немере сүйіп отыр. Гүлжаһан Жұмағұлова білікті есепші. «Жезқазғантүстімет» ӨБ орталықтандырылған есеп бюросында ұзақ жылдан бері еңбек етіпк еледі. Балалардың тұңғышы Дархан байыту фабрикасында энергетик. Гүлнұрлары құтты шаңырақтың келіні. Оның жолдасы Еркеғали кен өндірісінде. Кенже ұл Мейіржан мен келін Ақерке қытай тілінің аудармашылары. Еңбектің арқасында асқаралы алпысқа абыроймен жеткенНұрлан Жұмағұловтың өнегелі жолы жастарға үлгі.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру