Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрында «Ғашықтар» атты жаңа қойылым көрерменге жол тартты.
Атауынан аңғарылып тұрғандай, спектакльге өмірлік тақырып – махаббат машақаты арқау болған. Ілияс Есенберлиннің осыдан 50 жыл бұрын жазылған «Ғашықтар» романының желісі негізінде жасалған жаңа қойылымды сахналау үшін режиссерлер мен авторлар Алматыдан шақыртылды.
Оқиға желісі бойынша Жантас пен Ұлбосын тойда танысып, таныс-тықтың арты махаббатқа ұласады. Екеуі де осының алдында бастарынан сәтсіз сезімді кешкен.
Драма кіршіксіз махаббатты ардақтау мен одан да жоғары тұраты нұлы күш – ар тазалығы туралы сыр шертеді. Көрерменді ой орманына алып барып, онда махаббат пен ғашықтықтың басқа салар ауыр тағдырына сырттай ортақтастырады. Ғашықтық ғаламатына душар болған адамның жан күйзелісі мен тән күйзелісін қатар сипаттайды.
Бастык ейіпкерлерді театр артистері Нұржан Бейісбеков пен Айнұр Қабдырашева сомдаған. Қоюшы режиссер – Шағуан Үмбетқалиев.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.