«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жайсаң» кенішінде экологиялық акция өтті. Кәсіпорынқызметкерлеріәкімшілік-тұрмыстық кешен аумағында алма, қара өрік және жаңғақ көшеттерін, жалпы саны 40-тан астам жас ағаш отырғызды.
«Қазақмыс» компаниялар тобы өз кәсіпорындары мен өндіріс нысандары орналасқан қалаларды көгалдандыруды үнемі жүзеге асырады. Осылайша, компания өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуда. Ағашотырғызуданбасқа, «Қазақмыс» қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға көп көңіл бөледі. Ол үшін тазарту жабдықтарын жаңғырту бойынша және ластаушы заттаршығарындыларына үздіксіз мониторинг жүргізіледі, уәкілеттімемлекеттік органдарда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және келісіледі.
Бұл жұмыстардың барлығы компания кәсіпорындарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Өйткені, «Қазақмыстың» басты мақсаттарының бірі – технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде өндірістердің қоршаған ортаға әсерін дәйекті түрде азайту. Компания Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатында айқындалған экология саласындағы стандарттарға қол жеткізуге ұмтылады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.