Халқымыздың зиялы қызы, алғашқы дәрігерлерінің бірі, «халық жауының» жары ретінде жазықсыз жазаланған Мағрифа Қойайдарқызының туғанына биыл мамыр айында 120 жыл толады.
Мағрифа Қойайдарова 1903 жылы Орынбор губерниясына қарасты Бөрті болысын датуған. Сарыөзек жағында Азберген, Дәрібай атты ағалары болған. Мағрифаның әкесі Мырзағұлқызын алғашқыда медреседе оқытады, кейін зеректігімен танылған ол гимназияда оқиды.
1922 – 1929 жылдары Ташкент қаласында орта Азия мемлекеттікуниверситетінің медицина факультетенде өте ажарлы, сүңғақ бойлы Мағрифа қазақ зиялыларының болашақ жарлары, қазақ дәрігер қыздары Мадина Қасымова, Дамеш Ермековамен бірге оқыған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін тағдыр Алаш азаматтарының бірі Қарағанды облысы. Жезді өңірінің тумасы болашақ ғалым, генетик Смағұл Сүлейменұлы Қазбековпен танысып, отау құрады. Дүниеге Ерден, Ерке, Елке атты сәбилер келеді.
Бақытты отбасылық жылдары ұзаққа созылмайды. Мәскеу қаласындағы Тимирязов атындағы ВАСХНИЛ-де, Орта Азия және Қазақстан аумағы бойынша ауылшаруашылық инситутында селекциялық бөлім меңгерушісі болып, Америкадағы Чикаго қаласында кезекті іссапармен келген жары Смағұл Сүлейменұлы «халық жауы» депайыпталады. Тұтқындалған жарына кезекті кездесуге екі баласы 11 жасар Ерден мен 9 айлық Елкемен барғанда, «халық жауының» әйелі деп екі баласынан айырып қолына кісен салып, 1938 жылы 28 шілдеде Мағрипа анамыз тұтқындалады. Жаны қиналғананад осы Шакизадаға тілдей хат жазып, екі баласын аманат етіп тапсырады, үлкені Ерденді Магнитогорскіге мектеп-интернатқа, кішкене Елкені Ташкенттегі балалар үйіне тапсырады.
Тұтқындалған анамыз алғашқыда АЛЖИР-де қазақ зиалыларының зайыптары Азиза Рысқұлова, Күнжамал Майлина, Жакетай Татимова, Дамеш Жүргенова, Гүлбаhрам Сейфуллинамен, Мыржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатовамен, Ресейден Лидия Русланова, Галина Серебряковамен бірге отырады, кейін Қарағанды маңындағы Долинкаға ауыстырады. Абалаған итпен күзететін теміртордың ар жағында адам айтқысыз азаптарды басынан кешкен анамыз, қиындыққа мойымайды, өзі тағдырлас жандарға жабырқағанға жұбаныш, ауырғандарға шипа береді, әскери лазарете жапондардың тұтқындарын емдейді. 1942 жылы 16 жастағы ұлы Ерден мен 5 жастағы Елке екеуі 2 ай жүріп Долинкадағы анасына келгенде, шаштарын алып тастаған, жүдегенан аларын көргенде есін білгелі көрмеген Елке анасынан «менің аннам емес!» деп қашқан сәт есінен кетер емес.
1947 жылы лагерьдегі үлгілі тәртібі үшін Балқаш қаласындағы еңбекпен түзеу лагеріне жұқпалы аурулар ауруханасының меңгерушісіне ауыстырады. Түркістан әскери округі әскери трибуналының 1956 жылғы 3 тамыздағы үкімімен Мағрифа Мырзағұлқызы толық ақталады. Келесі жылы, 1957 жылғы 21 желтоқсанда, әскери соттың қаза болғаннан кейін жазықсыз жазаланған жары Смағұл Сүлейменұлынының ақталғаны туралы үкімі қабырғасын қайыстырды.
20 жылға созылған сергелдең қағаз жүзінде аяқталғанмен, жүрегіндегі жара жазылмайды, бірақ екі баласы қасында сүйген мамандығымен күндіз түні еңбек етіп халқына адал қызмет жасады. Ұлы Ерден анна жолымен орта мектепті бітірген соң, Қарағанды мединститутын үздік бітіріп, хирург, медицина ғылымының кандидаты атанды. Елке қызы пединститутты тәмамдады, ұзақ жылдар Жезқазған медучилищесінде ұстаздық қызметте болды, немерелері бәрі жоғары білімді, әр салада қызмет жасайды, Зәуре атты немересі де балалар дәрігері.
Мағрифа анамыз қажырлы еңбегінің арқасында Балқаш қаласының денсаулық саласына өз үлесін қосты, қалалық, облыстық кеңестің депутаты болды, Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 мәрте марапатталды, КСРО денсаулық сақтау үздігі, Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген дәрігер атағы берілді, Жезқазған, Балқаш қалаларында оның атында көше, аялдама бар.
Өмірдің адам төзгісіз сынағын бастан кешірген анамыз жазықсыз жазаланған жылдар мен жары Смағұл Сүлейменұлының басына түскен сынақтар жүректе салған дерттен 1982 жылы мәңгілік сапарға аттанды. Жаны жәннатта болсын! Иманы жолдас болсын!
Серік Қолданұлы,
Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.
(Солдан оңға қарай) қазақтың алғашқы дәрігер қарлығаштары: Мадина Қасимова, Дәмеш Ермекова (Алаш зиялысы Жүргеновтің жары) оң жақта генетик-ғалым Смағұл Сүлейменұлының жары Марфуға ҚАЗБЕКОВА.