Қоғам белсенділері Жезқазған – Ұлытау өңіріндегі зымыран уының зардабына қатысты мәселені көптен бері көтеріп жүргені белгілі. Тұрғындар онкологиялы ққатерлі дерттің жоғары деңгейін де Байқоңыр ғарыш айлағы мен одан ұшатын зымырандардың қоршаған ортаға тигізетін әсерімен байланыстырады. Сонымен қатар, мыс өндірісі ошағының ауа мен қоршаған ортаға таратып отырған зиянды қалдықтары мен ауыр металдарының да адамдардың денсаулығына тигізетін әсері жайлы жиі дабыл қағылуда. Осы жағдайға алаңдаған жұртшылық өкілдері өңірді экологиялық дағдарыс немесе апат алды ахуалындағы аймақ деп тану туралы Парламент пен Үкіметтің алдына мәселе қойғанын көпшілік білсекерек.Халықтың осы ұсыныс-тілегін назарға алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының кейбір бөлігін төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп тану үшін арнайы комиссия құрып, Үкіметтік деңгейде зерделеп, зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы жағдайға байланысты облыс әкімінің қаулысымен құрылған комиссия ең әуелі ғылыми-зерттеу институттарына жүгіну қажет деп тауып, Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланған еді.
Бүгінгі таңда Алматы қаласының «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС конкурс жеңімпазы болғаны анықталды. «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін аталмыш серіктестіктің басшысы мен мамандары 21 сәуір күні Жезқазғанда комиссия мүшелерімен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.
Экологиялық ахуалдағы қалыптасқан күрделі мәселені жан-жақты сараптап, мәселенің түйінін анықтау Жезқазған-Ұлытау өңірінің халқын алаң күйге түсірген аса өткір мәселе болып отыр. Конкурс жеңімпазы болып, осы аса маңызды міндетті мойындарына алған «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС атқарушы директоры Сейілхан Асқаров кездесуге жиналған қоғам белсенділері мен комиссия мүшелерінің алдында өздерінің өңірдің экологиялық ахуалын ғылыми зерттеу жұмыстарына кіріскендерін жария етті. Сонымен қоса, осы саладағы бұрынғы атқарған істері мен жинақталған тәжірибелері туралы айта келіп, алда тұрған жұмыс ауқымының жоспарларымен таныстырды. «ЭКОСЕРВИС-С» бұғандейін де бірталай өңірлерде экологиялық проблемаларға байланысты сараптамалық тексерістер жүргізген, білікті мамандармен қамтылған компания көрінеді. Олар Капустин Яр, Тайсойған әскери-сынақ полигондары аумағы мен оған жататын өңірлерге кешенді тексеру жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіп, аймақтың экологиялық жағдайын анықтап беріпті.
Сондай-ақ, кездесу жиынында жоба жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Наталья Яковлева ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары жайлы түсіндіріп, оның маңызына кеңінен тоқталды. Сараптамалық зерттеулер үш бағытты қамтитын болады. Мәселен, Байқоңырдан 1957 жылдан бері әртүрлі 1532 зымыран ұшырылған екен. Көкке көтерілген ғарышз ымырандарының бірінші сатысы Жезқазған мен Ұлытау өңірінің аумағына құлайтыны белгілі. Осыған орай, бірінші кезекте ғарыш саласына қатысты – зымыран тасығыштардың бөліктері құлайтын, оныңішінде гептил отыны бар Протонға қатысты аймақтар мұқият зерттеледі. Ұлытау ауданының біраз бөлігі дағдарыс алдындағы Арал өңірі аймағына жатады. Құрғап қалған теңіз табанындағы тұзды топырақтар ұшып осы өңірге дейін жетіп жатыр. Сондықтан, осы аймаққа Аралдың тигізер әсері де жан-жақты талданып тексеріледі. Үшінші бағыт бойынша металлургиялық және кен өндіруші кәсіпорындардың Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Қарсақбай, Жезді кенттері аумағының ластауына қатысты жағдайларға да тексерістер жүргізіліп, сараптамалар жасалады. Осы жылдың сәуір айында басталып отырған бұл ғылыми-зерттеу жұмыстары бірер айлық науқандық шаруа емес. Кешенді зерттеу жұмыстары 2024 жылдың қазанайына дейін жалғасады.
Өңірдің экологиялық ахуалын зерттеу барысында ауадан, топырақтан, жерасты-жерүсті суларынан, өсімдіктерден сынамалар алынады. Жануарлардың, адамдардың денсаулықтары да тексеріліп, сараптама жасалады. Барлық елдімекендердегі адамдардың ауруының салдарлары, оның ішінде онкологиялық аурулардың көрсеткіші, бала тууы мен өлім-жітімінің деңгейі сараланып, себептері зерттелетін болады. Гептилдің, ауыр металдардың әсеріне тексерістер жасалады. Осы жұмыстарды жүргізу барысында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Іс-шараның ойдағыдай өтуіне тұрғындар да мүдделілік танытып, өз ықыластарымен тексеріске келгендері дұрыс болар еді дейді олар. Жобаның жауапты атқарушысы Ерлан Садуақасов «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-ніңҰлытау облысы бойынша өкілдігінің директоры болып саналады. Бұлар тексерілген аумақтағы сараптамалардың нәтижесін жоғары органдарға береді. Ал, нақты бір шешімге келу тиісті министрліктердің құзырындағы шаруа. Ғылыми зерттеп-зерделеу нәтижесінде Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының кейбір бөлігі төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп танылса, Үкімет «Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңға өзгеріс енгізетін болады.
Экологиялық жағдайды зерттеу ісіне көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері атсалысады. Олардың ішінде Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Д. Қонаеватындағы тау-кеністері институты, Ботаника жәнефитоинтродукция институты, Ресейдің Оңтүстік-Орал минералогия және геоэкология федеральдық ғылыми орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сияқты көптеген жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың мамандары тартылады.
Алдағы бір жарым жыл ішінде атқарылатын зерттеу жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету басты орынға қойылып отыр. Соған орай, «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС өкілдері комиссия мүшелері мен қоғам белсенділері алдында ай сайын атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп беріп, кездесіп отыруға келісті. Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескерілетін болады.
Бұл жолғы кездесуді комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов жүргізді. Бір әттеген-айы, маңызды талқылауға комиссия құрамындағы әр деңгейдегі мәслихат депутаттары, қала, аудан, ауыл әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері толықтай қатыспай, азын-аулақ комиссия мүшелері ғана келгені ұят болды. Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин қатысып, көпшілікті толғандырып жүрген мәселенің оңтайлы шешілуі үшін зерттеу жұмыстарының ғылыми тұрғыда сапалы жүргізілуіне назар аударды. Өзінің ұсыныстарын білдірді.
Кезекті кездесуенді мамырдың жиырмасынан кейін өтуге тиіс. Комиссия мүшелері мен қоғамдық ұйым өкілдері бұдан былай аймақ тағдыры талқыға түсер шарадан сырт қалмағандары жөн болар еді.
Амандық РАХҰЛЫ.