Қазақ әдебиетінде өзіндік дара қолтаңбасы бар таланты жазушы, сөз өнерінің хас шебері Мұхтар Мағауиннің қай шығармасын алсаң да терең ойлы, адам психологиясын, өмірі мен салт-дәстүрлерін, арман-тілектерін жан-жақты эпикалық тұрғыда барынша ашып көрсеткен философиялық кесек туындылар. Өмірдің ащы шындығын қалам құдіретімен жеріне жеткізе суреттейтін жазушының ерекше тақырыпты көтеріп, идеясы мен мазмұны жағынан дараланып тұратын шығармаларының бірі – «Шақан-Шері» романы. Роман 1984 жылы жарық көрген.
Таяуда Серке театрында аталған шығарма бойынша спектакльдің премьерасы табыспен өтті. Спектакльді арнайы шақыртумен Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Мейрам Хабибуллин қойды. Бұған дейін жиырмадан астам көлеңкелі спектакльдерді қойып, өрнекті өнерімен танылып жүрген Мейрамның бұл сырт жерде қойған алғашқы спектаклі және айтуы бойынша өте күрдел ісі екен. Символизм мен күрделі метафоралық шешімдерге құрылған спектакльдегі режиссердің айтар ойын театр артистері де көрерменге өзіндік әдіс-тәсіл, айшықты ойын, шынай шеберлікпен жеткізе алды деуге болады.
Алғашқы көріністе елсіз, қалың ну қамыс арасына көшіп келген жалғыз үйлі отбасының алакеуім таң сәрідегі бейқам, азды қанағат тұтқан қазақи тіршілігі көз алдың акеледі. Ажар (актриса Қанағат Бейсенбай) қазанын жуып, таңғы ас дайындау қамына кіріссе, ұйқысынан енді оянған жары Шақан (актер Ардақ Жарқынбеков) көзінің ағы мен қарасы – жалғыз ұлы Сәменді (студент Ұлан Сабыр) құшағына алып, қансонарға шығып, қырғауыл аулаудың қызығы жайлы қызуә ңгімеге кіріседі. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген ыстық ықыласы, махаббаты актерлік ойында барынша көрініс тапқан.
Отбасының адам аяғы тимеген жапандүзге елден безіп, жырыла көшу себебі Шақан-Ардақтың: «Бәрі жақсы. Өте дұрыс болды, қайрылмай тартып кеткенім. Өзім би, өзім қожа. Атам көрмеген қорлыққа мен неге көнем? Атам кимеген ноқтаға неге мен бас сұғам? Дұрыс. Бәрі дұрыс», – деген сөздерінен аңғарылады. Бұдан «ноқтаға басы симаған» ер жігіттің елден безінуі адамнан көрген қиянатқа байланысты екенін түсінеміз. Бірақ осы елсізде отбасы бақыт таба алдыма, өмірлерінде тыныштық орнады ма?
Ажар-Қанағаттың: «…Қорқам… Үйді бір құбыжық торуылдап жүрген сияқты болады да тұрады», – деген сөздері бір қауіптің баспалап жақындап келе жатқанын сездіргендей. Ақыры солай болды да… «Есіктен тайдай сарытарғыл мысық сұғынып тұр екен». Жолбарыс!!!
Шақанның сілейіп тұрып қалған тұрысынан қорқыныштан әл-дәрмені құрып, қарсы әрекет қылуға шамасы келмей қалғаны, тіпті, әйелі мен баласының көмек сұраған дауыстарын да естімей, бір сәтке ақыл-есі тұманданып кеткені байқалады. Жаңа ғана қасында жүрген баласы мен әйелі қызыл ала қанға бөгіп, жолбарыстың жемтігіне айналғанын көру қандай қасірет!
Осыдан кейін спектакль оқиғас ыбылайша өрбиді: бір-ақ сәтте өмірі ойран болған Шақанның жүрегінде жолбарысқа деген ыза мен кек түйіні кетпестей болып байланады. Баласы мен әйеліне көмек бере алмаған әлсіздіг іүшін өзін-өзі жеп, барынша жек өрді. Жолында кездескен жолбарыс атаулыны құртуды алдына мақсат етіп қояды. Елге қайтуға көндірмек болған ауыл адамдарына (артистер Нұржан Бейісбеков, Еркебұлан Жанатов, Мәди Саденов, Нұрлыхан Файзиев) айтар уәжі – «әйелім мен баламның жылын күтем». Дегенмен, бұл арпалыс бір жыл емес, ұзаққа созылған өмір мен өлім үшін күреске айналды. Шу, Іле, Балқаш бойын түгел кезіп, жүрегі түкті жанның өзі қарсы тұруға шамасы келмейтін талай шеріні жер жастандырды. Бірақ одан жүрегі қанағат таппады, жаны тыншу көрмеді. Дала кезіп, қамыс-қопаны паналап жүріп, өмір рахатынан баз кешеді. Өзіне жүрек кілтін ұсынып, жолын жеті жыл күткен, жүрегі таза, жаны пәк Меңсұлуға (актриса Айнұр Қабдірашова) да қайрылмайды. Ақырында өзі де адам емес, тарғыл тонды шеріг еайналып кеткендей күйге түседі. Содан не тапты? Сырты сау болғанымен, іші баяғыда өлген тірі өлікке айналды емес пе?
«Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді» дегенді Құба-мерген де, Қара-батыр да айтқан. Өзінің де көзі жеткендей болды. Ендеше неге жолбарыс кішкентай бала мен жас әйелді жемтік қылды дегенде, алдымызғаадамныңқылғанқастығыкөлденең тартылады. Елсіз, иен ну қамыстың арасында өсіп-өніп, тіршілік заңымен ұрпақ өсіріп, тиесілі несібесін жеп, кең алқапты алаңсыз жайлап жатқан тағының тыныштығын «Адам» бұзды. Бұл оның ашу-ызасын туғызды. Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Басында өзін ел-жұртынан айырған жолбарыс емес, адам еді ғой. Осы кектің артында түз тағысының тағдыры жатқанын енді ғана түсінгендей… Шақанның осынау жан дүниесінің азабын, қайғы-қасіретін, жанын жеген мұң-шерін актер Ардақ Жарқынбеков шынайы жеткізе алды.
Спектакль метафора мен символикаға құрылған дедік. Сахна барынша сараң: бұтағы арбиған кепкен бәйтерек, жартылай тігілген киізүй, көрермензалының соңына дейін созылған «жұлдызды аспан» – барлығының білдірер астарлы мағынасы бар. Мәселен, бірде күннің бейнесін білдірген шаңырақ, бірде бақыты тоналып, айдалада адырақалған адам мекенін, жапырағы тоналып, бұтағы адырайған бәйтерек Аспан мен Жердің арасындағы көпірді бейнелейді. Көшпенді халқымыздың қадірлі бұйымының бірі – бөлек-бөлек оюлы «текемет» алғашқыда киізүйдің бір жабдығы, төсеніші ретінде көрінеді. Келесіде үйге кіріп келіп, бала мен әйелге «тарпа бас салған «жолбарысқа» айналады, ал жолбарыстарды аулау кезінде біресе аңшылық құралы, біресе ауланған жолбарыс терісі ретінде көрініс береді. Сондай-ақ кәдімгі қара қазан да ас пісіретін ыдыс қана емес, арқаға батқан зіл батпан ауырлық, уайым жәнет.б. меңзейді.
Жолбарыстан кек алу жолына түскенде Ардақ-Шақанның бауы беліне байланып, дәл көз алдында әрлі-бері қозғалып, жанып тұратын «шам» пайда болады. Ұстауға – қолы жетпейді, алып тастауға – дәрмені жоқ. Бейне есінен бір сәт шықпайтын, жанын жегідей жеп, жүрегін тырнайтын шері, қайғы-мұңы дерсің. Солай қабылдадық та. Қайғысын бөлісуге, жолбарыс аулауға көмекке келген жігіттер де метафоралық бейнелер. Олардың арқаларын қасып отыратын көрініс көрерменге түсініксіздеу көрінгені рас. Бұл да режиссерлік тың шешімнің бірі – «өз қотырын қаси алмаған, өзгенің қотырын қаси алмас».
Спектакльдегі көтерілетін басты тақырып – жалғыздық. Адамның табиғатпен, ғарышпен күресіндегі жалғыздығы. Екіншісі – аңшылық. Автордың: «Тәңірі тағаланың құдіретті пәрменімен жаратылған он сегіз мың ғаламда басы артық бір нәрсе жоқ. Қара жерде қыбырлаған құмырсқадан көк аспанда шарықтаған қыранға дейін, су сүзген балықтан шөл кешкен құланға дейін қилы кейіпті, қаншама махлұқат бар екен, соның бәрінің өз несібесі, өз орны болса керек. Хақ тағала біріне-бірін селбестіріп, біріне-бірін бақтырып қойған. Бірақ түп иесі – адам. Ендеше, орныңды біл, қарауындағы жан-жануарға жазықсыз жапа шектірме» деген ойын режиссер одан әрі дамытады. Айтары – адамның табиғат заңдылығымен күресі – адамзат пен табиғаттың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына, аңдардың жойылып кетуіне, ал ол тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғады. Ендеше алысарың аң емес – адам. Күшің – білекте емес, білікте, ырысы ортаймаған береке-бірлікте. Күшіңді соған жұмса.
Спектакльдің соңында Шақанның ышқына айқайлайтыны бар. Бұл – тығырықтан шыға алмаған, жан азабынан шаршаған жанның жанайқайы. Бағы мен бары қолжетпес жұлдыздарға айналып, бағыт сілтер – Темірқазығынан адасып қалған, өзі де шеріге айналған жан көкжиекпен астасқан жұлдызды аспан астында беймәлім бағытқа бет бұрып, әлі күнге даланы кезіп жүр деген ойды меңзеген режиссер: «Оның осындай халге жетуіне кінәлі кім? Өзі өмір сүрген қоғам ба, жоқ әлде басқа себептері бар ма?» – деген сұрақтың да жауабын көзі қарақты көрермен еншісіне қалдырады.
Үмітай Молдаберген,
театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі.