Қушоқы кентінде тұратын үш отбасы қоныстойын тойлады. «Kazakhmys Coal» ЖШС («Қазақмыс Коал») зейнет жасындағы бұрынғы қызметкерлеріне ерекше тарту жасады.
Бұл еңбеккерлер – көмір разрездерінде еңбекетуге он жылдан артық уақыттарын арнаған Ольга Елюсизова, Гүлнар Тасболатова және Галина Нұрғалиева. Қушоқы және Молодежный разрездерінде тер төккен олар бүгінде еңбектерінің зейнетін көруде. Бұл кәсіпорында өз уақытында оларға жалдау шарты бойынша қызметтік тұрғын үй берілген болатын, онда олар осы күнге дейін тұрып келгенеді.
Жақында үшеуі де лайықты демалысқа шықты. Көп ұзамай «KazakhmysCoal» ЖШС (Қазақмыс Коал) басшылығы Ұжымдық шарттың талаптары шеңберінде кәсіпорынның зейнеткерлері ретінде оларға қызметтік пәтерлер беру туралы шешім қабылдады.
– Бұл рәсімді жүргізу үшін тұрғын үй комиссиясынан және серіктестіктің байқау кеңесінен оң келісім алынды, – дейді «KazakhmysCoal» ЖШС (Қазақмыс Коал) өкілі.
Нотариус кабинетінде сыйға тарту шарттарын рәсімдеген соң жаңа баспаналы болғандарға салтанатты түрде тұрғын үйдің кілттері табысталды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.