Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Ұлттық мерекені ұмытпайды, ұлықтайды

17.03.2023
- Мереке айшықтары
0
Ұлттық мерекені ұмытпайды, ұлықтайды
76
БӨЛІСТІ
210
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 

 

Жер көбесі сөгіліп, табиғат жаңаратын көктем мезгілі – халқымыздың ырысы мен құт-берекесін, ынтымағы мен бірлігін бекемдей түсетін мейзам шуақты кезең. Қыстан шыққан халқымыз «Наурыз келді!», «Ырыс пен бақ келді!» деп қуанып, әз Наурызды қастерлей күткен. Жыл басы саналатын бұл мереке 1989 жылы қайта жаңарып, Тәуелсіздікпен бірге жаңғырды.

 

Сондай-ақ оқыңыз

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

28.03.2025
Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

28.03.2025

Әр отбасы өз ерекшелігіне сай оны шаңырағында атап өтуді де дәстүрге айналдырып келеді. Ұлт пен ұлысты ұйытып отырған қазақ жерінде Наурыз мейрамын ұмытпай, ұлықтайтын шаңырақтың көбейгені көңілге қуаныш ұялатады.

Әсіресе, халқымыздың ата жолын өзге ұлттың өкілдері берік ұстап, салт-дәстүріміздің маңызына бойлай білгенін көргенде ерекше сезімде болатыныңыз жасырын емес. Міне, сондай жанның бірі –Александра Андреева. Қазақ отбасына келін болып түскеніне 9 жыл болған Александра орыс ұлтының қызы. Ұлты мен түрі өзгешелеу демесеңіз, қазақ тілінде «судай». Ватсап желісінен қазақ тілінде жолданған жазбаларының өзі сауатты.

– Ұлтым орыс болғанымен, араласқан ортам, келін болып түскен шаңырағым қазақтыкі. Сондықтан маған қазақтілін білмеу сын болареді. Кіші жүз Адай руына келін болып түскеніме тоғыз жыл болды. Осы жылдар ішінде келін болып түскен ұлтымның салт-дәстүрін меңгердім. Наурыз мерекесін атап өту жайына келер болсам, бұл мерекеге жақсы дайындықпен келеміз. Алдын ала үйді тазалап, жақсы тілек тілейміз. Біз отбасымен Наурыз мейрамын жақсы көреміз және асыға күтеміз. Отбасымен көшеге шығып, қыдырып қайтамыз. Далада тұрған киіз үйлердің ішіне кіріп, қазақ халқының бұрынғы заманда қалай өмір сүргенін балаларға түсіндіріп айтамыз. Үйге келгеннен кейін дастарқан жайып ет асып, бауырсақ пісіріп, шағынотбасымен Наурыз мейрамын тойлаймыз. Туған-туыс, дос-жарандар құттықтап келсе, қарсыалып, құрмет көрсетемін. Наурыз жаңару мен жақсылықты жаршысы болғандықтан, келер жылдан мол үміт күтеміз, – дейді Александра.

Александра Андреева – «Жезқазған жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС эколог маманы. Өз кәсібінің майталманы ұжымда іскерлігімен танылса, отбасында асылана, ардақты жар, сыйлы келін. Өмірлік жары Медет екеуі Айдын, Адия есімді балақайларды тәрбиеліп отыр. Медет – Жезқазған байыту фабрикасының медициналық бекетінде фельдшер.

Шағын отбасының берекесін келтіріп отырған Александра қазақ халқының ұлттық мұраларын өз балаларына да насихаттап, жеткізетіндігін айтқанда іштей ризашылық сезімі биледі.

Наурызды атап өту дәстүрі Ерлан Құрманқұловтың шаңырағында жыл сайын желісі үзілмей жалғасып келеді. Ерлан Есетұлының отбасы бұл күні туған-туыс, бауырлардың, балалар мен немерелердің жарқын күлкісіне кенеледі. Бір-біріне деген жаңажылдық шынайы тілектер ақтарылып жатады. Ерлан Есетұлының асыл жары Гүлнұр Жаңабайқызы қыстан қалған сүретін алдын ала дайындап, жартысын наурызкөжеге, жартысын келетін қонақтарға қыстың сыбағасы деп алдарына тартады. Бұл Гүлнар Жаңабайқызының қанға сіңген әдеті. Ерлан Құрманқұлов «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалында еңбек етеді.

Ерлан Есетұлы мен Меруерт Сәбитқызының шаңырағынан жай күндері де қонақ арылмайды. Ал, әз Наурызда бұл отбасыға келетін кісілердің қатары одан да көбейеді. Осындай сәтте қонақжайлығын көрсетіп, мейманынт өрге оздыратын үй иелерінің ақ көңілі жайған дастарқаннан көрініп тұрады.

– Әр отбасының Наурызды атап өтуі ерекше ғой. Наурыз келерден бұрын жақсы дайындық жасап, отбасы мүшелерінің ұлттық мерекедеұлттықнақыштағыкиімкиіп, халқымыздың дәстүріне сай жөн-жоралғыларды атқарамыз. Наурызкөже дайындауға да аса мән береміз. Жеңгелеріңіз ол жағынан бесаспап. Келініміз Меруерт екеуі алдын ала дайындалып, аспаздық шеберліктерін де көрсетеді. Келген қонақтарғаеттартылып, наурызкөже ұсынылады. Жас кезімізде әкеміз Есет пен анамызҮміткүлдің де Наурыз мерекесіне ерекше дайындалатынын көріп, өстік, – дейді Ерекең.

Ерлан Есетұлы кеншілер әулетінің өкілі. Өзі де әкесі Есеттің жолын қуып, ауылшаруашылығы мамандығын игергенге дейін Шығыс Жезқазған кенішінің №51 шахтасында еңбек етті. Кейін ауылшаруашылығы саласы бойынша оқу оқып, ол мамандықпен 1995 жылға дейін қызмет жасады. Ал, 1995 жылдан бері «Қорғау қызметінде». Спорттық жарыстардың белсенді қатысушысы. Футбол, баскетбол, бокс, шахмат сынды спорт түрлерінен бірқатар дәрежелері де бар. Есетақсақалдың жолын үлгі тұтқан Ерланның ізін ұлы Нұржан жалғады. Оның «Қазақмыс» корпорациясында еңбек еткеніне де 10 жылдан асып барады.

Шаттықты шаңырақ иелері жаңа Қоян жылында елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілейді.

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру