Елімізде Көрісу күнімен бастау алатын Наурыз мерекесін «Қазақмыс» корпорациясына қарасты өндіріс ошақтары түрлі шаралармен айшықтайды. Жезқазған байыту фабрикасында дәстүрге айналған әз Наурыз мейрамы Көрісу күнінде өз бастауын алды.
Жыл басы саналатын ұлттық мерекені атап өту қарсаңында фабрика басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпынн асихаттап, жастарға үлгі көрсетеді. Биылғы мереке де осындай үндестікте өтпек. Сейсенбі күні фабриканың екінші басқармасының ұжымы ауыл-ауылға бөлініп, мерекені бастап кетті. Салт-дәстүрге сай әр ауыл көрісу, беташар, тұсау кесер рәсімдерін орындады.
Мереке бастауын екінші басқарма ұжымы осылай өрнектеді. Қалған еңбек ұжымдары да Наурыз мейрамын ұлттық дәстүрге сай атап өтпек. Осы орайдаайта кету керек, фабрика директоры Мұрат Бөрібаев ұлттық мерекенің құндылығын сезінуде ұжымда 22 науырызға дейін дүбірлеген той ұйымдастырып, еңбеккерлерге ерекше көңіл-күй сыйлауға баса мән береді. «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті бұл бастамаға қолдау танытып, әр іс-шараның мазмұнды өтуіне үлес қосады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.