«Қазақмыс» еліміздегі ең ірі мыс өндіруші алып компания ғана емес, ол – әрбір құрылымында бірнеше ұлттың басын бір арнаға тоғыстырған үлкен ұйым. Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін өмірлік ғұрпына айналдырған өзге ұлт өкілін де кезіктіресіз.
Оның жарқын дәлелі – «ҚазақмысДистрюбишн» ЖШС-не қарасты жылу, энергетика кәсіпорнының бірінші жылу желілерінде «КИПиА» слесарі болып еңбек ететін Анастасия Ан. Ол қазақтың келіні. Құтты шаңырақтың келіні болған Анастасия өндіріс озаты әрі қолы алтын келіншек. Ол жұмыстан бос уақытында түрлі үлгіде қуыршақтар мен әсем безендірілген сөмкелер дайындайды. Анастасия Анмен сұхбаттасқанымда «Қазақтың шаңырағына бой үйретіп, сіңісіп кету қиынболғанжоқ па?» деген сұрағыма: «Ешқандай қиындықты кезіктірмедім. Корей халқы мен қазақ халқының кейбір жөн-жоралғысы ұқсас келеді. Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет деген қалыптасқан қағида екі ұлтқа да ортақ», – деп жауап берді.
– Қандай іст іболса да шын жүрекпен атқаруың керек. Сонда көптің көңілінен орын табасың. Маған үнемі қолдау білдіретін өмірлік жарым Төреханның арқасында қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық асханасын, қолөнерін де меңгеріп келемін. Әсіресе, ет тұздап, ет асуды қазір өзім атқарып жүрмін. Жолдасым Төрехан Дүйсебек те «Қазақмыс Дистрюбишн» ЖШС-нде еңбек етеді. Екі баламыз бар. Қызымыз Дария бес жаста, ұлымыз Хан-Төре бір жаста. Қазір бала күтімімен үйде отырмын. Алайда, осы уақыттарды құр өткізбей, қазақ тілін үйреніп жүрмін. Адам қанша тіл білсе, оның мүмкіндігі де көп. Сондықтан мемлекеттік тілмен қатар, ағылшын, корей тілін де меңгеруге әрекет жасаудамын. Соныменқатар, өзімнің хоббиім ретінде кішкентай балаларға қуыршақтар және сөмкелер дайындаймын. Менің осындай мүмкіндіктерімді іске асыруға қол ұшын созған отбасыма алғысымды білдіремін. Жалпы алғанда, мен қазақтың келіні болғаны мамақтанамын, – дейді Анастасия.
Бағдат Айтөреұлы.