Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевпен меморандум аясындағы іс-шаралар жоспарын талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, қол қойылған мәмілеге сәйкес «Қазақмыс» Жезқазған мен Сәтбаев және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд теңгеге 22 жобаны іске асырады. Бүгінде бұл жобалар қолға алынып, жұмыс басталып та кетті. Бүгінгі өткен жиында облыс әкімі Берік Әбідғалиұлы жобалардың іске асу барысын талқылады. Яғни, құрылысы тоқтапқалған денешынықтыру сауықтыру орталығы, балабақша, сорғы станциясы, тағысын тағылар. Бұл жұмыстардың барлығы бақылауда. Қазіргі таңда сорғы станциясына техникалық сараптама жүргізілуде.
Одан бөлек, меморандум аясында қалада 9 қабатты үйлерге лифт орнату жұмыстары кірген болатын. «Қазақмыстың» есебінен мердігер компания бұл жұмыстарды жүргізіп жатыр. «Қазақмыстың» қолдауымен Тасбұлақ, Күмісбұлақ, Әулиетау бұлақтарын абаттандыруға арналған эскиздік жоба дайындалуда. Бұдан басқа, Сәтбаев қаласы халқының денсаулығын қолдау мақсатында компания мұнда емхана мен жарақат пунктін салады. Бұлбойынша да атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.