«1973 жылы 21 ақпанда ауысым шебері Жамбыл Ыбыраев пен аға конвертершы Сұлтан Елемесов алғашқы Жезқазған қара мысын берді». Жезқазған мыс қорыту заводының жылнамасында бұл азаматтар туралы осылай алтын әріптермен жазылған. С. Елемесов КСРО-ның Құрметті металлургі, «Еңбек Қызыл Ту» ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл Ыбыраев инженер-металлург, КСРО-ның Құрметті металлургі, 1990 жылы алғашқы балама сайлауда ҚазССР-нің Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.
Республика түсті металлургиясының алыбы Жезқазған мыс қорыту заводы туралы әңгімелегенде, ол бастауалған Қарсақбай мыс қорыту заводы еріксіз еске оралады. 1928 жылдың 19 қазанында Қарсақбай мыс қорыту заводында тұңғыш мыс балқымасы алынды.
СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1959 жылы қазан айын-
да қабылдағанқ аулысында былай деп атап көрсетілді: «Қарағанды Совнархозының Жезқазған кен-металлургия комбинаты құрылысы елдегі мыс өндірісін дамытудағы мемлекеттік маңызды міндет деп саналсын». Жезқазғанда салынатын завод шикізатты комплексті пайдалана отырып, мыс өндірісін қазіргі заманғы технологиялық талаптарға сай жүргізуге тиіс болғандықтан заводты жоспарлауға еліміздің ең ірі ғылыми-зерттеу институттары – Гипроцветмет, Промстройпроект, Сантехпроект, Гипрохим және басқалар, ал технологиялық желілерді талдап-жоспарлауғаВНИИцветмет, НИИхиммаш, Гидроцветмет, Қазақстан Ғылым академиясының металлургия және байыту институты қатысты.
1966 жылдың наурыз айында Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысындағы алаңға техникалар келіп, завод құрылысы басталды. 1969 жылдың қаңтарайында Жезқазғанкен-металлургия комбинаты бойынша арнайы бұйрық шығарылып, заводтың дирекциясы құрылды. Оны басқаружас инженер-металлург Игнатий Евгеньевич Лиге жүктелді. Жезқазған мыс қорыту заводын кезең-кезеңімен іске қосуға Норильск, Пышма, Красноуральск, Алмалық, Балқаш заводтарынан тәжірибелі жұмыскерлер мен инженер-техник қызметкерлері арнайы шақырылды. Қарсақбай заводынан көптеген жұмыскерлер мен инженерлер келіп іске кірісті.
1971 жылдың басында мысты электролиздеу және балқыту өндірісінің алғашқы кезегінің құрылысы аяқталды. Екі анод пеші, электролиз цехының бірінші кезегі іске қосылды. Сол жылдың 23 ақпанында, таңертеңгі сағат 10-да аспалы кран машинисі Клавдия Якушева мастер Виктор Азановтың ауысымында кезекті электролизшілер Александр Пьянков, Харис Зайнагутдинов және Леонид Фирсов тазартып, дайындаған катод мысының алғашқы париясы ванна даналынды. Тұңғыш реет жаңа заводта жаңа технологиямен халықаралық стандартқа сай катод мысы алынды. Анод пеші пайдалануға берілуге дайындалып жатты.
1971 жылдың 24 ақпанында анод пеші қыздырылғаннан кейін мастер С. Желдібаевтың ауысымында аға балқытушы В. Нагорнов пешке Қарсақбайдың қара мысын салды, 1 наурызда таңертеңгі сағат 10-да алғашқы анод мысы алынды.
Алғашқы катод мысын алғаннан кейін, тура екі жыл өткенде, 1973 жылдың 21 ақпанында №1 электрпеші іске қосылып, К. Сайрановтың ауысымында аға балқытушы А. Кичалюк бірінші рет штейн алды.
Завод, цех басшылары алғашқы қара мысты алуды басқа заводтардан шақырылғандарға тапсырды, осы қалай деген кіл мықтылар мысты балқытып алудың нақты тетігін таба алмай қиналады. Сол сәтте инженер-металлург Жамбыл Ыбыраев басшылық жасайтын ауысым жұмысқа кіріседі. Аға конвертершы Сұлтанбек Елемесов ауысым шебері Жамбылға қарап: «Мыналар қолдарынан келгенін істеп бақты, бірақ процесті жүргізе алмады. Енді біз өзіміздің тәсілімізді қолданайық» деп, Қарсақбайда бірге істеген әріптесімен екеуі іске кіріседі.
Директор бастағанбір топ адам «Шынымен осы екеуі біз білмегенді, біз ала алмағанды алайын деп тұр ма?» – деп таңданыстарын жасыра алмайды. С. Елемесов және қасындағы жолдасы екеуі конвертер процесін толығымен жүргізіп сапалы қара мыстың балқымасын алады. Қазақтың қарапайым екі ұлының мына күрделі технологияны ешқандай оқу бітірмей-ақ меңгеріп алғандарына абырой-атақтары дардай болған норильскілік және басқа заводтардан арнайы шақырылған мамандар таңдайқағудан басқа ештеңе дей алмайды. Сонда завод директоры қуанғанынан Сұлтанбектің қолыналып: «Сұлтеке, рақмет сізге кезінде мен қателескен екенмін, еңбегіңізге тәнтімін» – деп оған өзінің ризашылығын білдіреді.
Бұл осыдан жарты ғасыр бұрын болған әңгіме еді десек те, мыс заводындағы металлургтердің есінде әлі сақтаулы. Мұндағы небір майталман металлургтер «Сұлтанбек Елемесов біздің және бізден бұрынғылардың да мақтан тұтатын ұстазы болған» дегенді шынайы көңілден айтады. Бір кездері осы мыс қорыту заводында ресми түрде тіркелмесе де «С. Елемесов мектебі» деген тәжірибе тарату орталығы болғанын металлургтер әлі күнге дейін айтып келеді.
Майталман металлург Жамбыл Ыбыраев 1989 жылы СОКП-нің Бас хатшысы М. С. Горбачевтің Мәскеуде өткізген бүкілодақтық орта буынды өндіріс басшыларының жиналысына Жезқазған облысынан делегат болыпқатынасты. Ол 1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Әттеңсұмажалжүректалмасынанардаазаматтыертеалып кетті. Ол туралы сонау бір жылдардағы Республикалық «СоциалистікҚазақстан» газетінде «1990 жылдың қараша айының 29 жұлдызында 49 жасқа қараған шағындаҚазақ ССР халық депутаты, Республика Жоғарғы кеңесінің экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің басқа жұмыстардан босатылған мүшесі Жамбыл Ыбыраевкенеттенқайтысболды» дегенқазанамажарияланды. Міне, соданбері Жамбыл есімі өткен шақпен еске түсіп тұрады. Өмірден өзі өтсе де, артында оның атқарған ісі қалды. Әрине, оның атқарам деген істері, алсам деген асулары көп болатын. Атқарған жұмыстары да аз емес-тін. Әйтсе де, нағыз кемеліне келіп, шарықтаған шағында жүрегі құрғыр сыр берді. Кілтт оқтады. Өмір үзілді. Бірақ, оныңісітоқтағанжоқ.
Жезқазған мыс қорыт узаводында, конвертер бөлімшесінде ерен еңбектерімен есте қалған, өз ісінің майталмандарын айта кетуді жөн көрдім, олар: кезінде бөлімше бастығы болғанМұханбетқали (Бөкен) Сұлтанбаев, аға шебер Владимир Денисов, ауысым шеберлері Борис Деменко, Ораз Бекбауов, Ізбасар Садықов, Вадим Плушков, Салауат Булташев, аға конвертершілер Оразалы Мейрамов, Владимир Долгов, Айтмағанбет Битенов, Серік Қонарбаев, Байзақ Науанов, Мейірман Игібаев, конвертершілерКөшербайБекмағанбетов, Нәупік Омаров, Нұрпан Жақыпов, Жалғас Үнгітбаев, Құлатай Қордашев, Мұханбет Айтенов, аспалы кран машинистері Ж. Дүйімқұлов, Т. Әбілқайыров, А. Бектасов, В. Большаков. Еңбек өтілімінің 40 жылдан аса уақытын балқыту цехында әр деңгейде қызмет атқарған, соның ішінде 30 жыл конвертор бөлімшесін басқарған КСРО-ның Құрметті металлургі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қазақмыс» корпорациясының Құрметті еңбек ардагері» тағыбасқа да марапаттар иесі Толқынбек Нұрмағанбетов. Есімдері аталған абзал жандардың көпшілігі бүгінде ортамызда жоқ, қайрымсыз ажал оларды арамыздан ерте алып кеткені өкінішті-ақ.
Инженер-металлург Жамбыл Ыбыраев және аға конверторшы Сұлтанбек Елемесов бастауында тұрған Жезқазған мыс заводы сары алтындай сары мысты сапырып жатыр. Олардың тәлім-тәрбиесін алған жастар жаңа биіктерді бағындыруда. «Жақсының артында жақсы із қалады» деген емес пе?! Майталман металлургтердің «еңбегім еліме болсын, төккен терім жеріме тамсын» дейтін сөздері бүгінгі жастардың үнімен үндесе түскендей. Жүйткіген жүйріктей әлі талай жылдар өтер, өмірге талай жас металлургтер келер, бірақ Жезқазған мыс қорыту заводының тарихында 21 ақпан 1973 жыл алтын әріптермен жазылып қалатыны анық.
2017 жылыжазушы-драматург Т. Әлжантегі алты көріністен тұратын «Ғұмырға тең бір күн» атты пьеса жазды. Бұл драмадағы басты кейіпкерлер Жезқазған мыс қорыту заводында алғашқы қара мыс алған Сұлтанбек Елемесов, ауысым шебері Жамбыл Ыбраев. С. Қожамқұловатындағы драма театры пьесаны сахнаға шығаруға дайын екендігін мәлімдеді, бірақ оған шамалы қаражат керек екенін алға тартуда. Бұл пьеса өлкетарихы, корпорация тарихы екеніне күмән жоқ, сондықтан «Қазақмыс» корпорациясы» басшыларықаржылай қолдайдыдеп үміттенемін.
Төлеген БҮКІРОВ,
техника ғылымдарының кандидаты,
Жезқазған қаласы мен Қарағанды облысының Құрметті азаматы,
Қазақстанның Құрметті металлургі.