Өндіріс саласында қарапайым еңбек адамының қорғанына айналған «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалының аймақтағы кеніштер мен зауыт, фабрикаларда, сондай-ақ, қосалқы құрылымдарда комитеттері мен бастауыш ұйымдарының жұмысы жолға қойылған.
Кәсіподақтың басым мүшелігі де осы филиалға тиесілі. Өткен жылды филиал сәтті қорытындылады. Жезқазған филиалының кезекті отырысына «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезақғантүстімет ӨБ персонал жөніндегі директоры БақытТүсіпбеков пен Тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының орынбасары Уәлихан Нұржанов қатысты. Филиал төрағасы Ақылбек Төлепбергенов өткен жылдағы жүзеге асқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.
Комитет төрағалары ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақмыс» еңбеккерлерінің жалақысына 85 мың теңге қосу жөніндегі сұрақты көтерді. Бұл мәселеге қатысты Бақыт Қуанжанұлы корпорация қызметкерлері өздері еңбек ететін кәсіпорындардағы персонал бөлімінен нақты жауап ала алатындығын жеткізді.
Мұнан соң филиалдың алда атқарылатын жұмыстары сараланды. 18-19 ақпанда филиалдың ұйытқы болуымен еңбеккерлер арасында шахматтан турнир өтеді. Сондай-ақ, 8 наурыз – Халықаралықәйелдеркүнімерекесі мен ұлттық мереке – Наурызға дайындықтар өз бастауын алды.
Жиын барасында биылғы жылға шипажайлардың бағасы жөнінде де мәселекөтерілді. Қазіргі таңда әрбір шипажай иелерімен келіссөздер жүргізілуде.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.