«Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары – тау-кен өңдеу кешені және кен өндіру, шикізатты қайта өңдеу және катодты мыс пен тазартылған қымбат металдар шығару бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі.
Сапа қызметі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол шикізат пен оны қайта өңдеу өнімдерінің параметрлерін кешенді бақылауды (TQC) қамтамасыз етуге, басқарушылық шешімдердің тиімділігіне және тауар өнімін тұтынушылардың қанағаттануына бағытталған.
Мақсаты – халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелер талаптарына сәйкес «Қазақмыс» Тобы компанияларының кәсіпорындарында есепке алу жүйесін жетілдіру.
Стратегиялық міндеттер:
– 2022 жылдың IV тоқсанының соңына дейін сапа менеджменті жүйесін енгізу;
– 2023 жылдың IV тоқсанының соңына дейін ағындық талдау есепке алу және бақылау аспаптарына көшу;
– 2023 жылдың IV тоқсанының соңына дейін ақпараттық жүйелерге интеграциялана отырып, технологиялық параметрлерді бақылау және металдарды есепке алу процестерін автоматтандыру;
– 2025 жылдың І тоқсанына дейін «Қазақмыс» Тобы компанияларының кәсіпорындарында металдардың есеп айырысу балансы жүйесін енгізу;
– TotalProductiveMaintenance – 2025 жылдың IV тоқсанының соңына дейін ТРМ қағидаттарын енгізу;
– тау-кен байыту және металлургия өндірістерінің кәсіпорындарындағы металдарды есепке алу жүйесінің 2025 жылғы IV тоқсанның соңына дейін үздік әлемдік әжірибелер қағидаттарына сәйкестігі.
Біздің қағидамыз:
– қызметкерлеріміздің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қамқорлық жасау;
– қызметкерлерді сапа қызметінің үздіксіз жетілдіру үдерістеріне тарту;
– басшылықтың көшбасшылығы және ұжым қызметкерлерінің СМЖ-ға бейілділігі;
– халықаралық стандарттар мен практикалардың енгізілген жүйелерінің жарамдылығын, өзектілігін және нәтижелілігін тұрақты негізде жақсарту;
– сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Сапа саясаты үнемі талданады және оны жоғары басшылық компания шығаратын өнімнің сапасына кепілдік беру құралы ретінде пайдаланады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.