Қазақ үшін қасиетті саналатын, ұлы қауымның бас қосып, ортақ шешімге келер, мәмілеге отырар жері болғандықтан «Ұлытау» атанған киелі мекенде 1223 жылы болашақ қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет – Жошы ұлысының негізін қалаушы Шыңғысханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлының үлкені, аз ғұмырында 60-тан асқан аса ірі шайқастарға қатысып, әлемнің екі жүзге жуық қала, қамалын бағындырған әйгілі қолбасшы, ержүрек батыр, аса іріәскери басшы Жошы хан болды. Биыл Жошы ұлысыны ңқұрылғанына 800 жыл толып отыр.
Жошыға байланысты бізге жеткен аңыздардың бірі – «Ақсақ құлан» күйінің шығуы жайлы аңыз. «Ақсаққұлан» күйінің шыққанына биыл – 780 жыл. Осы айтулы даталарға байланысты С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасы «Ақсақ құлан» спектаклін кішкентай көрермен назарын аұсынды. Спектакльге осы «Ақсаққұлан» күйінің шығуы, Шыңғысханға баласы Жошының өлімін жеткізудегі Кетбұқа күйшінің тапқырлығы, өлімнен құтқарған күй құдірет іарқау болған.
Спектакльдің қоюшы-режиссері Зере Тұрсымұратова, қоюшы-суретшісі Жұмабай Сәрсенов, музыкамен көркемдеген Үмітай Абдулаева, сахнаны безендірген Хамитбек Айтбаев.
Жезқазған музыкалық колледжінің түлегі Зере Тұрсымұратованың куыршақ труппасында еңбек еткеніне он бес жыл. Білуге құштар талапты жас осы жылдар ішінде қуыршақ спектакльдерінің қыр-сырын жан-жақты меңгеріп, ысылды, сахналық тәжірибе жинақтады. Қазір репертуардағы көптеген спектакльдерде басты және негізгі рөлдерді ойнап жүрген тәжірибелі актриса. Музыкалық колледждегі білімімен шектеліп қалмай, Қырғызстандағы Б. Бейшеналиева атындағы өнер институтының режиссура бөлімін бітіріп шықты. «Ақсақ құлан» – Зеренің режиссерлік тырнақ алды еңбегі.
Қалың жұртшылыққа жақсы таныс «Ақсаққұлан» аңызы арқау болған драмалық спектакльдер бұған дейін де сахналанып (мәселен, К. Әбдірахманның «Кетбұқа»), мультфильм экранға шыққаны белгілі. Сондықтан жас режиссерге бұл тақырыпқа барудың өзі үлкен батырлықты қажет еткен қадам дер едік. Әрине, бұл шығарманы әр режиссер өзіндікер екшелікпен, өзіндік шешіммен сахналағаны анық. Сондықта нрежиссерге басқаны қайталамайтын шешім мен форма табу керек болды.
Күнделікті өмірге еніп жатқан жаңалықтар мен өзгерістер әр істе де жаңашылдықты талап ететіні сөзсіз. Интернет, теледидардан алатын ақпараттар арқылы сана-сезімі ерте дамитын қазіргі балаларды қарапайым дүниемен қызықтыра алмайсыз. Сондықтан замана ғымы, уақыт талабына сай болуды ұйғарған, жаңашылдыққа деген ұмтылыс Зерені спектакльді бұрынғы қалыптасып қалған бағыттан өзгеше, басқа форматта қоюға алып келді. Осылайша аңыз арқау болған, режиссердің қиялы арқылы мүмкіндіктерді барынша пайдаланған анимациялық қуыршақ спектаклі дүниеге келді.
Спектакльдегі сахнаны тұтас жапқан ақ керме матаның сыртынан жарық түсіру арқылы әрекетке келтірілетін механикалық қимыл-қозғалыстар арқылы оқиға өрістеп, декорация мен кейіпкерлерге «жан бітуі», соғанс ай музыкамен үндесуі кішкентай көрермендерді еліктіріп, «әрі қарай не болады» деген қызығушылығын арттырады.
Спектакльдің сәтті шығуы алдымен әртістердің шеберліктеріне байланысты екені даусыз. Бұл ретте тәжірибелі актриса Гүлнұр Асылбековамен бірге, Думан Абильтаев, Мейіржан Тулегенов, Бауыржан Бердиев сияқты жастар сомдаған образдар – Жырау, Шыңғыс хан, Жошы, Кетбұқа, кішкентай қыз бала бейнелері барынша шынайы шықты. Гүлім Молдабергенова, Лаура Бәйдешова, Ирина Федосенко, Светлана Тихонова, Наталья Попованың бір мақсатқа жұмылған бірлескен еңбектері де оң нәтижесін берді, олардың да рөл сомдаудағы талпыныстары құптарлық.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ұжымның бір кісідей жұмыла кірісуі нәтижесінде жаңа үлгіде қойылған күрделі спектакль ойдағыдай шықты деуге болады. Әсіресе көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Кедельбаева, бутафорлар Бейсенкүл Қалекен, Ақмарал Қозыбаева, тігінші Людмила Кривошеева, реквизитор М. Ибраева, дыбыс операторы Жанболат Кәменов, жарық беруші Күлән Бәйдешованың еңбектері ерен болды. Қоюшы режиссер әрі қуыршақ механикасының инженері Жұмабай Сәрсеновтің әр деталь, әрқуыршақ пен бетпердені (маска) ыждағаттылықпен дайындап шығарған еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Драма труппасы музыка бөлімінің меңгерушісі Үмітай Абдулаева спектакльді музыкамен көркемдеп, костюмер Лена Әбдіхалықова қажетті костюмдермен қамтамасыз етті, сахнаны әрлеуге суретші Хамитбек Айтпаев қатысып, ортақ іске осылайша өз үлестерін
қосты. Әрине, анимациялық спектакль болған соң орын алған кейбір кемшіліктер ойнала келе орнына келері сөзсіз
Қоюшы-режиссер Зере Тұрсымұратовадан спектакльді қоюдағы мақсаты туралы сұрағанамызда, былай деді:
– Біздің өлкеміздің тарихы өте бай. Сондықтан өсіп келе жатқан жас ұрпақ туған өлкеміздің тарихын, оның айтулы тұлғалары – Жошы хан, Кетбұқа бабамыз жайлы білулері керек. Олардың ел бірлігі мен жер тұтастығын сақтаудағы ерен еңбектерін үлгі ету, сол арқылы партиоттық рухын көтеру керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, осынау кең байтақ даланы мекен еткен халқымыздың ең аяулы да қасиетті ұлттық музыкалық аспабы домбыраның құдіретін, оның шанағынан төгілген сазды әуеннің құдіретін сезіндіру мақсатым болды. Спектакль арқылы әр бала сонны түйсінетін болса, ұрпақ тәрбиесіне қуыршақ өнері арқылы осылай үлес қоссам, мақсатыма жеткенім деп білемін.
Оның бұл ойын біз де құптадық.
Үмітай Молдаберген,
театрдыңәдебиетбөлімініңмеңгерушісі.