Әріптесіміз Дархан Мұқан Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Дархан Қабылдашұлы 1988 жылы туған. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін – филология, 2021 жылы Ө. А. Байқоңыроватындағы Жезқазған университетін құқықтанумамандықтары бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Жезқазған аймақтық «Сарыарқа» газетінде бастады. Жас маманның жігері мен шығармашылық қабылетін аңдай білген редакция басшылығы оны бірден бөлім меңгерушісі етіпқ абылдады. Бұдан соң бас редактордыңо рынбасары, директоры лауазымдарын атқарды.
2021-2022 жылдары Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі қызметтерінде болды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті баспасөз қызметіне жетекшілік етті.
Алғашқы шығармашылық жолында кезіккен аға әріптестерінің тәлім-тәрбиесіне адалдық таныта білген, үнемі ізденіс жолындағы Дарханға жаңа облыстың жауапты қызметінде сәттілік пен табыс тілейміз.
«Мысты өңір» газетінің редакциясы.