Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Жасанды интеллект – жаңа дәуірдің кілті.

Десек те ...

22.08.2025
- Жаңалықтар
0
Жасанды интеллект – жаңа дәуірдің кілті.
104
БӨЛІСТІ
289
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жасанды интеллект – бүгінде бүкіл әлемнің күн тәртібіндегі басты тақырып. Бірі оны адамзат өркениетін алға сүйрейтін ұлы мүмкіндік десе, енді бірі ойланбай қолданған жағдайда қауіп-қатері аз емес екенін ескертеді. «Жасанды интеллектіні игеру – елдіктің өлшемі» деген ойды жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та нақты айтты. Ол жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңесте еліміздің болашағы осы бағыттағы шешімдермен тікелей байланысты екенін ескертті. «Уақыт өте тығыз, тоқмейілсіп отыруға болмайды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент ең алдымен жас ұрпақтың жаңа технологияға бейімделуіне айрықша назар аударды. Қазірдің өзінде «AI-Sana» оқыту бағдарламасы жүзеге асып, студенттерге жасанды интеллект негіздері үйретілуде. Бірақ білімді тек студентпен шектесек, ұтыларымыз анық. Білімді ұрпақ – елдің ертеңі, демек ұстаздар да, мектеп оқушылары да ЖИ-ді игеруі тиіс. Ертеңгі күні қоғамдағы әрбір мамандықтың тағдыры осы технологияға тәуелді болып қалуы әбден мүмкін.

Жаһандық бәсекеге көз салсақ, жасанды интеллекттің шын мәнінде қандай күшке айналып келе жатқанын аңғарамыз. Былтырдың өзінде әлем бойынша ЖИ стартаптарына 100 миллиард долларға жуық инвестиция құйылған. Бұл – әлемдік венчурлық қаржының үштен бірінен көп. АҚШ, Еуропа және Қытай осы қаржының негізгі бөлігін өзіне тартты. Неге? Өйткені олар алдын ала инфрақұрылым жасақтап, ғылыми орталықтарын құрып, нарығын ретке келтіріп қойған. Ақша жағдай жасалған жерге барады. Президентіміздің сөзімен айтқанда, Қазақстан да бұл көштен қалыс қалмауға тиіс. Отандық стартаптардың әлеуеті зор. Кейбірі қазірдің өзінде халықаралық деңгейге шығуға қауқарлы. «Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Отаншылдық сезімін жоғалтпаған дарынды жастарымызға мемлекет міндетті түрде қолдау көрсетуі керек.

Дегенмен, жасанды интеллекттің тек пайдасы ғана емес, қоғамды ойландырған тұстары да бар. Әлеуметтік желілерде ЖИ арқылы танымал тұлғаларды сөйлету, тіпті өмірден өткен адамдардың даусын қайта тірілту етек ала бастады. Бүгінде елге белгілі әншілер мен өнер қайраткерлерінің сәби кезіндегі бейнесін жасап, оларды «өмір жайлы пәлсапа айтқызатын» бейнероликтер қаптап кетті. Бір қарасаң – қызық, екінші жағынан – күдік тудырады. Өйткені жалған сөзді белгілі тұлғаның аузымен айту – жас ұрпақтың санасын шатастырып, ақиқат пен жасандыны ажырата алмайтындай жағдайға жеткізуі мүмкін. Бұл – «ойыншық» етіп қарауға болмайтын, өте жауапты мәселе. «Жалған сөз – жанды жаралайды» дегендей, жасанды бейнелер шындықтың шырағын көлегейлеп тастамауы керек.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкімет отандық стартаптардың экспортқа шығуына қолдау көрсетіп, «цифрлық елшілер» институтын қайта қарауға тиіс. Сонымен бірге инновациялық экожүйе қалыптастырып, ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу, халықаралық байланыстарды нығайту күн тәртібінде тұр. Бұлардың бәрі Қазақстанды Еуразиядағы цифрлық хабқа айналдыруға бағытталған қадамдар. Бұл – уақыт талабы, заман сыны.

Жасанды интеллект – жаңа дәуірдің кілті. Ол бір есікті ашса, екіншісін жабуы мүмкін. Сондықтан басты міндет – осы кілтті дұрыс пайдалану. ЖИ-ді білім мен ғылымға, экономика мен өндіріске, халықтың әл-ауқатын көтеретін істерге жұмсауымыз қажет. Әйтпесе әлеуметтік желідегі жалған бейнелер мен «сөйлетілген» тұлғалар қоғамды азғырып, ақиқаттан алыстатуы ғажап емес.

Халқымыз «Уақытты оздырған ұтады» дейді. Бүгінгі таңда жасанды интеллектіні дұрыс жолға қоя білсек, Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылады. Ал егер енжарлық танытсақ, келешек ұрпақ бізді кешірмейді. Уақыт шын мәнінде тығыз. Демек, ел болып жұмылып, ЖИ-дің игілігін игеріп, қатерін ауыздықтау – баршамыздың ортақ парызымыз.

Жасанды интеллект – болашақтың емес, бүгінгі күннің шындығы. Оны игеру – әрқайсымыздың қолымызда.

Ізтай Белгібайұлы.

Таңбалар: Жасанды интеллект
Бөлісу42Твитерге26

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру