Аймағымызда ірі кен байыту кешені ретінде қалыптасқан Жезқазған кен байыту фабрикасындағы «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитеті ұйымның стратегиялық бағыттағы жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді.
Майра Әлбаттина тізгінін ұстаған кәсіподақ комитеті Жезқазған филиалында алдыңғы қатарда. Өткен жылы комитет еңбеккерлердің құқығы мен мүддесін қорғауда бірқатар шараларды жүзеге асырып, өндіріс ошағында өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.
Мұнан сырт кәсіподақ комитетінің ықпалымен кәсіби және ұлттық мерекелерде еңбек озаттарын марапаттау шаралары, спорттық жарыстар өтті. Кәсіподақтың мүшелері еліміздегі шипажайларда ем алып, жаттығу залдарына тегін абономенттер алды. Реагент бөлімшесінде болған комитет төрағасы Майра Әлбаттина атқарылған жұмыстарға есеп беріп, еңбеккерлердің сұрақтарына жауап берді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.