«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (бұдан әрі – Корпорация) – мыс кенін өндіруді және байытуды жүзеге асыратын, жоғары өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетке ие, цифрлық трансформация стратегиясын іске асыратын Қазақстан Республикасының ірі тау-кенкомпанияларының бірі.
Корпорацияның Энергетикалық саясатының мақсаттары:
1) инновациялық технологиялар мен жабдықтарды тиімді басқару және қолдану негізінде олардың қаржылық орындылығын ескере отырып, барлық өндірістік процестердің энергетикалық тиімділігі нарттыру;
2) Корпорацияның дамуын қамтамасыз ету, сенімділік, қауіпсіздік және өнімділік деңгейін сақтау немесе арттыру кезінде энергия ресурстарының үлестік шығысының ең төменгі, техникалық және экономикалық негізделген деңгейіне қол жеткізу;
3) қоршаған ортаға теріс әсерді азайту.
Алға қойған мақсаттарына жету үшін Корпорация өзіне келесі міндеттерді қабылдайды:
1) Корпорация қызметіне қолданылатын энергетикалық тиімділікке, энергияны пайдалануға және тұтынуға қатысты барлық құқықтық және басқа талаптардың сақталуына кепілдік беру;
2) тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ескерео тырып, мақсаттар мен энергетикалық міндеттерді белгілеуді, талдауды және өзектендіруді жүзеге асыру;
3) энергетикалық сипаттамалары жақсартылған жабдықтарды, материалдар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
4) энергетикалық тиімділікт іескере отырып, жаңа өндірістерді жобалауды, жаңғыртуды және қайта құруды қамтамасыз ету;
5) Корпорация жұмыскерлерін ақпараттандыру және энергия үнемдеу мәдениетін тәрбиелеу арқылы олардың энергияны ұтымды және тиімді жұмсауға қызығушылығын арттыру;
6) энергия үнемдеу қызметінде әрбір жұмыскердің шығармашылық әлеуетін пайдалану үшін кәсіби құзыреттілікті үнемі дамыту;
7) мақсаттар мен энергетикалық міндеттерге қолжеткізу үшін ақпарат пен қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз ету;
8) энергетикалық нәтижелерді және Энергетикалық менеджмент жүйесін үнемі жақсарту жөніндегі міндеттемелерді қамтиды.
Энергетикалық саясат мақсаттар мен энергетикалық міндеттерді қалыптастыру үшін негіз болып табылады, Корпорацияның барлық кәсіпорындарының, сондай-ақ Корпорация мүддесінде қызметін жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың қызметіне қолданылады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.