Кеңестік кезеңде биліктің бишігін ұстаған Одақ экономикалық саясатта республикаларды жіпсіз байлап-матап ұстаудың жүйесін қалыптастырды. Бірі шикізат шығарса, келесісі содан өнім өндірді. Тіпті бір техниканы құрастыруға қажет торап пен бөлшек-сайман бірнеше республикадан тасымалданды.
Материалдық-техникалық жабдықтау бір орталықтан жүргізілді, өндірілген өнімді бөлу де орталықтың құзырында болды. Тағы басқа толып жатқан күрмеуі қиын түйін билік басындағылардың басқаны уысында ұстауына толық мүмкіндік берді.
«Мызғымас» Одақ ыдырады. Сындарлы сәтте жоғарыға жалтақтап, желкелеумен жүріп-тұруға үйренген көптеген кәсіпорын тығырыққа тірелді. Олар нарықтық қатынастың қатал талабына дайын болмай шықты. Осындай өлара кезеңнің құрбаны болғанның бірі – Жезқазған тоқыма фабрикасы.
Шарықтаған ширек ғасыр
Тоқыма фабрикасы 1966 жылы қыркүйекте қатарға қосылды. Жылына 1,3 млн. дана өнім шығаруға жететін өндірістік қуатпен өз өмір баянын бастаған республика жеңіл өнеркәсібінің Орталық Қазақстандағы тұңғыш қарлығашы одан кейінгі ширек ғасырда тоқыма бұйымын шығаратын және тектес кәсіпорындар тапсырысымен тауарлық кездеме өндіретін толық технологиялық циклді іргелі кәсіпорынға айналды.
Жиырма бес жылда жасампаз еңбек жеңісінің көл-көсір қуанышы да, жалындаған жарыста жеңіп алған жүлде мен өндіріс озаттарына орден-медаль тапсыру салтанаты да, сан соқтырған сәтсіздік те, бәрі-бәрі болды. Әсіресе, қат-қабат қауырт еңбек күндері кәсіпорынның тыныс-тіршілігіне серпінді сипат берді. Бірақ, бар шаруа өндірістегі күнделікті күйбеңмен бітсін бе?
Алда жүздеген жұмысшы мен майталманмаман даярлау, күрделі технология мен жетілдірілген жабдықты меңгеру, жоғары сапалы өнімнің түр-түрін шығаруды жолға қою, жастарға жатақхана салу, үйлі-барандысын баспанамен, балабақшамен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Белгіленген ауқымды шаруа жылдар жылжыған сайын рет-ретімен жүйелі шешімін тауып жатты.
Сексенінші жылдардың соңында тоқыма фабрикасының өндірістік қуаты өзінің шарықтау шегіне жетті. Жылына 500 тоннадан астам кездеме өндіретін, 3000 тонна кездемені түктендіріп, түрлендіретін мүмкіндікке ие болды, 16 млн. данадан астам тоқыма бұйымын шығаратындай биік белеске көтерілді. Сәтбаев пен Қаражал қаласында, Жезді, Қарсақбай және Атасу кентінде тоқыма бұйымын пішіп, тігетін филиалы жұмыс істеді.
Фабрикада бастапқыда 29 түрлі қарапайым тоқыма ішкиім тігілсе, келе-келе тігу технологиясы күрделеніп қана қоймай, бұйымның түр-түрі он есеге көбейіп, 300-ге жуықтады. Оны айтасыз, кәсіпрынның жобалық қуатында қарастырылмаған барлық жастағы адамға арналған тоқыма сырт киім тігуді игерді.
Алға қойған ауқымды мақсат бар еді. Келешекте Қаражал мен Сәтбаевта тігін-тоқыма фабрикасын, сонымен қатар, кейінгісінде бояу-әрлеу корпусын, тұрғын үй және балабақша салу, басқа да бірқатар мәселені кешенді шешу көзделді. Амал не, көңілдегі көрікті ой орындалмас арман, алынбас асуға айналды. Шарықтаған ширек ғасырдың жалғасы тоқыраудың топанына ұласты.
Тоқыраудың топанына тұншықты
Мүлікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі Ұлттық бағдарламаға байланысты экономиканы басқаруды қайта құру қолға алынғанда оған жедел үн қосқан осы тоқыма фабрикасының ұжымы еді. 1992 жылыжабықакционерлік қоғам құрды, нәтижесінде «Гея» ұжымдық өнеркәсіптік-саудатоқымакәсіпорны» дүниеге келді. Оны басқару тізгіні ұжым қолына көшті.
Өкінішке орай, экономикалық байланыстардың әлсіреуі кәсіпорынның уақыт көшіне ілесуіне, нарықтық қатынастың тегеуірінді талабына төтеп беруіне мүмкіндік қалдырмады. Шалғайдағы шетелдерден, одан кейін ТМД елдерінен алынатын шикізат көлемі күр тазайды, есеп айырысу қиындап кетті. Шикізат сатып алуды қалтасы көтермеген кәсіпорын негізінен баспа-бас айырбасесебіненқажетінайырды.
Бұған салқынын тигізген басты себептің бірі – шикізаттың қисынсыз шарықтап қымбаттауы еді. Осының салдарынан өндірілген өнім бағасы да бой бермей кетті. Айталық, 1994 жылы өнімнің өзіндік құны 21,6 есе өсті. Айналым қорының тапшылығынан, бағаның қымбатшылығынан шикізатты қажетті көлемде саты палуға шамасы жетпеді.
1994 жылы кәспорын толық емес жұмыс кестесіне көшті. Қыркүйекке дейін ұжымдағы 1524 адамның 1300-і ықтиярсыз еңбек демалысында болды. Атасудағы филиал – ақпанда, Жезді мен Қарсақбайдағы – наурызда, Қаражалдағы сәуірде жабылды. Күзге салым кезе кСәтбаевтағы филиалға келді.
Азын-аулақ шығарған өнімін өткізу өте қиынға түсті. «Қаз киім сауда» басқармасындағы 19 баздың жетеуі, облыстық тұтынушылар одағындағы 19 баздың оны бұрын жасалған келісім-шарттағы бұйымның біреуін де алмады. Қымбат өнімді олардың да қалтасы көтермегені анық. Алған күнде де олар тұтынушысын тапа седі.
Үзілмеген үміт не істетпейді? Матрац тігіп көрді. Жеке адамдарға киім тігетін ателье ашып байқады. Сантехникалық қызмет көрсетіп те сандалды. Автокөлік жөндеумен де айналысты. Ақырында қалталы қолдаушың болмаса күн көру қиын екендігіне көз жетті. Алайда әлеуетті инвестор табылмады. Тоқыраудың топаны жолындағыны жайпап келе жатты.
Кезінде республика жеңіл өнеркәсібіндегі алдыңғы қатарлы кәсіпорын қатарында болған тоқыма фабрикасының басына қара бұлт төнді, тағдыры тәлкекке түсті. 1996 жылы қазанда оны жабу туралы шешім қабылданды, ал, келесі жылы1 қаңтардан бастап таза тоқтады.
Жалғаспаған «жарқын жылнама»
Тоқыма фабрикасының таза тоқтап тұрғанына ширек ғасырдан асып барады. Кезіндекеңбөлмелерінеңбеккүйікернептұратынеңселіқызыл ғимарат қаңырап қалған. Ол толық қуатында жұмыс істеп тұрғанда 2500-ден астам адам еңбек етті. Жезқазғанда тұрған қыз-келіншектің әрбір оныншысы осы тоқыма фабрикасының жарқын жылнамасын жазуға қатысты.
Республиканы былай қойғанда, одақтық жеңіл өнеркәсіптің көшбасындағы таңдаулы кәсіпорын қатарында болған Жезқазған тоқыма фабрикасының тағдыры тығырыққа тірелуінен асқан өкініш болмаса керек. Жабық акционерлік қоғамның да жан сақтауға септігі тимеді. Қазір оның мүшелерінің қайда жүргенін де ешкім білмейді.
Қазақстанды өнеркәсіптік-индустриалдық инновациялық дамытудың 2000-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданғаннан кейін ұжым үміті таза үзілді. Өйткені, белгіленген жеті бағыттың бірі – текстильдік кластерде оңтүстік өңірге басымдық беріліп, Жезқазған жағы назардан тыс қалған еді. Сөйтіп, «жарқын жылнаманың» жалғасы жазыл майқалды.
Былтыр қаңтарда Жезқазған тоқыма фабрикасы «қараусыз қалған нысан» тізіміне тіркелді. Оның тағдырын енді сот шешеді. «Сот «иесіз нысан» деп шешім шығарса, коммуналдық меншіккеа лып, сосын оны қалай пайдалану керектігін қарастырамыз», – дейді қала басшысы Қайрат Шайжанов.
Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.