Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Дүние-дүрмек

Қара қоян келді

30.12.2022
- Дүние-дүрмек
0
Қара қоян келді
86
БӨЛІСТІ
239
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Он бір жыл өтіп барады, қояндардың қырылысып жатқанына. Бұлар да бірнеше жүзге, түрге бөлінеді екен. Сұр қояндар сұңқылдап жатыр: «Келер жылды өзіміз басқарамыз. Қанымыз таза. Жанымыз таза. Адамнан бұрын жаратылғанбыз…»

Ақ қояндар да қатты кетіп отыр: «Біздің жолымыз. Жан-жануарға біздей аңқылдаған адал, жайлы жыл болған емес…».

Мұндай саяси тартыстардан көпшілік біле қоймайтын алапес қояндар, қызыл көз қояндар, қайқы бас қояндар және тағы басқалары да шет қалған жоқ. Олар сұр қояндарды да, ақ қояндарды да жетпіс жеті атасынан боқтап, өздерін ұсынып жатты.

Бұл әңгіме үй қояндары – кроликтердің де мазасын алып бітті. Ағайындардан келіп-кетіп жатқан жансыздар «Кімді қолдайсыңдар, ашығын айтыңдар?» деп зірк-зірк етеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Дезинсекция және дератизация қызметтері туралы  не білуіңіз керек?

Дезинсекция және дератизация қызметтері туралы не білуіңіз керек?

30.08.2024
Жаттан көрген жақсылық

Жаттан көрген жақсылық

05.07.2024

Зәресі ұшқан кроликтер адамдардан көргенін істеп, күнде төрт-бес рет жиналыс өткізеді. Қолдан келгенше бір-бірінің миын жейді. Әбден қажыды. Көздері алақандай болып жүдеп кетті. Құлақтары ұзарып жерге жетті. Биттері торғайдай болып, түнімен тыр-тыр қасынатын болды.

Бір күні осы қораның құты, махаббаттан басқаны білмейтін, айқай-шуға қатыса қоймайтын егде кролик сөз сұрады.

– Қожайыны бар жануарлар саясатпен айналыспауы керек,– деді ол. – Тірлікті өзгерту оңай емес. Даурығып жүргендердің қайсысы жеңсе, соны қолдай салармыз…

Айтпағымыз, кешеден бері қояндар әлемі үнсіз қалды. Жансыздардың сөзіне қарағанда, көпке беймәлім, Қара Қоян деген ноян келе жатыр екен елге. Өзі будан екен. Бойында бар қоянның қаны бар. Жолшыбай соққан ағайындары бірдеңе деген екен, «Қояншығым ұстамай тұрғанда, құйрықтарыңды қысыңдар», – депті. Депті де келесі жылы қанша алаяқ миллиардер болатынын, қанша жемқор ұсталатынын, қаншасы құтылып кететінін, қанша депутат пен министрдің орнынан ұшып кететінін және қанша тұралап біткен кәсіпорын мемлекетке қайтарылатынын сарт-сұрт айтып тастапты.

«Келер жылы сәбізден басқа тамақ жеуге болмайды. Менің штаб-пәтерім орналасатын жерде бір ел бар екен, билігінің мінезі ұзын құлақ сұр қояндарға ұқсайтын, соларға ғана ет жеуге рұқсат», – деп бірінші бұйрығын жазып тастапты.

Жансыздардың ақпаратына сүйенсек, тағы бірнеше бұйрықтың жобасы дайын екен. Соның бірі – «Кірмелер туралы. Аузына келгенін оттайтындар он жылға жер аударылады…»

Бір жерде сәбіз жеп отырып, «Соғысқұмарлар – өкінеді!»,– депті.

Қысқасы, Қара Қоян басқаны қайдам, қазақты жарылқайтын сияқты. Аман болайық!

Базарбай Әлеуханұлы.

Бөлісу34Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру